Тәуелсіздік – ел жүрегінде
Тәуелсіздік бізге жаңа жолымызды, өзіміздің соңғы соқпағымызды табуға әр мүмкіндік ұсынады - деп Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, еліміз тәуелсіздік жылдары әртүрлі шешімдер қабылдап, нақты қадамдар жасау барысында жаңа жолдар табуда. тәуелсіздік ел тарихындағы түрлі оқиғаларымен есте қалды. Оның ішінде білім саласындағы жеткен мол табыстардың білім ордалары үшін маңызы ерекше. Үлкен еңбекпен келіп жеткен Тәуелсіздіктің тәтті сыйы, тәлім-тәрбие алып жатқан шәкірттердің де замана көшінен қалмауына зор үлесін қосты. Тіпті ауыл мектептерінде де оң өзгерістер баршылық. Білім сапасын жетілдіруде тың технологиялармен заманауи әдістердің қолданылуы жаңа заманға сай десек қаталеспейміз. Сондай-ақ мектебімізде жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятатын, саналы дәстүр жалғасып, тұғырлы Тәуелсіздіктің 25 негізі «Ұлы дала елі» тақырыбымен іс-шаралар топтамасы ұйымдастырылды. Тәрбие ісінің меңгерушісі И.В.Павлованың «Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н.Ә.Назарбаев» атты тақырыптық линейкасы, кітапханашы Ш.М.Көпешеваның «Мемлекеттік рәміздер», дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Р.Жұмажановтың ақпараттық сағаты «Чемпион 2016». Бастауыш сынып мұғалімі У.А.Казкенованың коллаж сайысы «Мен және ғылым», т.б. көптеген іс-шаралар өткізілді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде абыройлы іске өз үлесін қосып жүрген әрбір әріптесімізге сеніміміз мол, алғысымыз шексіз демекпіз!
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы шеңбері ұстаздар үшін де шәкірттер үшін де әсерлі, айшықты іздерімен есте қалатын болды.
Тәу етер Тәуелсіздігіміз баянды, болашағымыз бекем болсын!
Маржан Утебаева,
Лавровка ОМ-нің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Посмотреть новость на сайте учреждения