Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

«Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмысты ұйымдастыру»

     «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» - деп ұлы ұстаз  Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, қазіргі таңда бәсекеге қабілетті кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Қазіргі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі таңда елбасымыздың әр жолдауындағы басты мақсат білімге деген құлшыныс. Әр кезде, кез- келген қоғамда болсын  жеке тұлғаның қалыптасуы  ұстаздан басталады. Ұлы ойшыл  Әл-Фараби «Ұстаз тарапынан барынша ынталық пен табандылық қажет.Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». Қазіргі таңда білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілік, өз ісіне деген шеберлікті талап етеді.  Жаңашылдыққа сын көзбен қарайтын, өздігінен білім алатын, жан жақты ізденетін, заман талабына сай ақпараттық технолгогияны еркін меңгеретін, алдағы өмір жолын өзі ізденіп,болжай алатын тұлғаны тәрбиелеу бүгінгі таңда ұлы ұстаздардың қолында.    Алдымызда отырған   әр  оқушы  -   жеке  тұлға. Сол әр  оқушының   өзіндік   жеке ерекшелігін,  қабілетін  айыра  біліп,   оны  ары  қарай  дамыту ұзақ та  үздіксіз  жұмысты  қажет  етеді.

2-слайд

Шынайы  дарын  -  біреудің  ғана  маңдайына   жазылатын  тәңірдің  сыйы. Бұл қасиет  - адамның   өз бейімділігі арқылы,  шығармашылықпен  жұмыс  істеу арқылы  қалыптасса, халқының,  ата – тегінің қанымен  суарылып,  еңбекпен   шыңдалып барып  кемелденеді. Осыған  орай,   «бұлақ  көрсең,  көзің аш»,- дегендей   дарынды  баланы  танып,  оны жан - жақты  ашу, талантты  немесе қабілетті  үнемі  айқындай   отырып,  талантты және дарынды,  қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды және талантты,  қабілетті адам қоғамға көбірек пайда әкеледі. Әрбір талантты адам  еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді.  Біздің мақсатымыз жан- жақты  білімді, іскер,  өздік ойлау жүйесі дамыған,   адамгершілігі жоғары,  қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүргізілетін жұмысты дұрыс ұйымдастыру болып табылады.  Мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі деп ойлаймын. Себебі, дарынды және талантты балаларға тапсырмалар  дайындаған кезде көп ойлануды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. «Ісмер ағаштан қандайда бір затты қырнап-мінеп  жасап шығудан бұрын оны балтамен шауып, жоңғылап алады; ұста темірді шыңдаудан бұрын оны жұмсартады...» демекші бүгінгі таңда ұстаздар дарынды баланы дамыту үшін  ісмердей балтамен шауып,  ұстадай  жұмсартуды  мақсат етуіміз керек. Бірақ осылайша  мұғалімніңде оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында  білім алуға деген талпынысты оятып алуға қажет.  Таланттты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып  бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс. Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін.

3-слайд

 Балалар өздері бір ғана пәнге ғана емес, бірнеше пәннен немесе  басқа да салада өзін көрсете алуы мүмкін. Мысалы: әртістік, спорттық, музыкалық және де басқа таланттармен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса басқа салаларда қиындықтар туындауы мүмкін. Олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы да мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді  мұғалімдер, ата- анасы, балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттілігін дамытуға мектепте жағдай туғызуы қажет.  Біздің мектепте осындай балаларға жағдай  жасалған деп ойлаймын. Себебі мект Дарынды  дегеніміз барлық салада қабілеттілігі  жоғары деңгейдегі балалар деп санаймын. Дарынды балалармен жұмыс кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

       Дарындылықты  дамытудағы басты мақсат еліміздің зияткерлік қорын құру үшін азаматтың ең талантты тұлғаның дарыны мен қабілетін  жоғары деңгейге көтеру. Дарынды балаларды дамытудағы  міндеттер  оқушыларымның ақыл ой қабілетін жетілдіру, шығармашылық жеке дарындылығын дамыту, тәрбиелеуде жан -жақты дамуын ,еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенділігін қалыптастыру,жоғары адамгершілік сапалары мен рухани  құндылықтарының дамуына ықпал ету. Мектептің мақсаты жан- жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру. Дарынды және талантты балаларды оқыту, тәрбиелеуді ұйымдастыру  үшін педагогикалық психиологиялық жағдайларды жақсарту керек. Сонымен қатар дарынды және талантты бала деп баланың, ата- ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Баланың дарындылығын  белгілі бір жастан  дамиды деп айта алмаймын. Мектепте дарынды және талантты оқушылар  жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс шаралар кезінде байқалады. Дарынды, талантты  балаларды анықтау үшін мынадай талапттар қойылады, анықтау бағдарламасын жасау, жаңа педагогикалық технологияны қолдану, оқушыға берілген тапсырманы  дұрыс сапалы орындағанын қадағалау, іс-шараларға белсенді қатыстыру, ата-аналарымен қарым- қатынаста болу керек. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін  қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі  мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Арнайы пәндер  бойынша бірқатар көрнекті қабілеттері аса кең болуы мүмкін.Сондай-ақ сенімді қарым-қатынас  орната білу қасиеттері. Бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады. Соның нәтижесінде қоғамның дарынды адамдарға деген қажеттік қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психиологиялық, әлеуметтік жағдайына баса назар аударуымыз керек. Балаға әсер ететін орталар: ата- анасы, мұғалім, мектеп, жұртшылық жолдастары. Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын жете бақылып отыруымыз керек.Ол үшін арнайы сауалнамалар жасалады.

4-слайд

Дарынды балалармен  жұмыс істеу нәтижелері  оқушының білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жетуі. Дарынды және талантты балалармен  жұмысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Бала бойындағы қабілеттіліктерді бақылау, жалпы дарындылықты анықтау, дамыту аса шеберлікті қажет етеді. Бақылауда асығыстық жасауға болмайды. Яғни, мұғалім үшін бала жанын түсіну үлкен өнер. Фриман (1998) ең үздік  оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді көрсеткен.

-  есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпаратты  біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

- өз білімін жетілдіру: олар білім беру үрдісінің  қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.

- ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін,бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді.

- мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырады.

- икемділік: басқаларға қарағанда олардыңойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған,оқуда және проблемаларды шешудегі шешімдерді тауып, қабылдай алады.

- күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады.

- ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды. Өзінің білім алуында осы қасиеттерді пайдаланатын балалар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмаларды қажет етеді. Бұл «ынталандыратын» немесе «күрделі» тапсырмалардың болуын көздейді.

5-слайд

Баланың дарындылығын қалай  анықтауға болады?

Менің ойымша, балалардың бойындағы дарындылықты сыныптан тыс іс- шараларда, сабақ кезінде анықталады деп ойлаймын.

 Оқушы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа

пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін.  Анықталмаған  балалармен мектеп психологі түрлі тренингтер өткізеді, тиісті сауалнама сұрақтарын беріп, анықтамасын айқындайды.

6- слайд

Дарынды  балалармен жұмыс жоспарын былайша ұйымдастыруға болады:

  • дарынды балаларды анықтау,
  • дарынды балаларды шығармашылық өзіндік қабілеттерін жетілдіруге көмектесу,
  • дарынды оқушылардың танымдық іс әрекеттерінің дамуына бақылау жүргізу,
  • дарынды балаларды марапаттау
  • дарынды балалардың ата аналарымен жұмыс,
  • мұғалімдермен жұмыс істеу,
  • дарындылықты дамытуда қолайлы жағдай жасау мақсатында мектептің басқа социумдарымен өзара байланысу,

    Тәжірибе  жасау,   талдау   оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруда  мектеп   бүкіл оқушылар  үшін  стандарттарын  күрделендіре  отырып,    бастауыш   буын  деңгейде  және орта  деңгейде  мектеп жоспарын   құрған  жағдайда  анағұрлым  жоғары  нәтижелерге  қол жеткізе  алатынын  көрсетуі керек.  Дарынды  оқушыны дамытудағы басты мақсат жеке адамның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі таңда әр білім ошағының дарынды балалармен мақсатқа бағытталған  жұмыс жоспары мынадай болу керек: 7-слайд

  • Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу;
  • Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптық) оқыту;
  • Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу;
  • Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, крассвордтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Шаталовтың әдіс-тәсілін пайдалана отырып оқыту;
  • Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру;
  • Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту.

     8-слайд

     Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

- пәнге терең қызығушылығын арттыру;

- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;

- білімнің бағасын арттыру;

- ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.

  9-слайд

Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру

І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)

  1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.
  2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу.
  3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау.
  4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)
  5. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)

ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)

  1. Бастауыш сынып мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.
  2. Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу
  3. Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай).
  4. Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау.

   

  10-слайд

Менің  өз тәжірибемнен байқағаным,   бастауыш сыныптардың  бойында  пәнге  деген   қызығушылық пен  шығармашылық  қабілеттері  басқа  сыныптарға  қарағанда  басым  келеді.  Осы  жағын  ескеріп,   дарынды  оқушыларды  іріктеп, өз сабағымда  дарынды балалармен мынадай мақсатта жұмыс ұйымдастырам:

 А) шығармашылық бағыттағы  жұмыс  түрлерін      ұйымдастыру.

Ә) түрлі  тақырыптарда  шығарма,   эсселер  жазу.

Б) өлең  шығаратын  оқушылармен  жұмыс.

В) көркем  әдебиет,  газет -  журналдар  оқуға  насихаттау.  Оқылған   шығармаларға   өз  ойларын  бірінші  ауызша,   кейін  жазбаша  білдіреді.              

          Осы  орайда әр оқушының   қабілеті  мен  деңгейіне   сай  жазба жұмыстары жүргізіледі. Топтық жұмыста  да  әдебиеттік  оқу  сабағында   мәтінді  түсініп  оқып,   оқылған  шығармаға  ауызша,  жазбаша  ой – пікірлерін  жазу,  кейіпкерлерге  мінездеме  жазу.  Оқушылардың  жазған  жұмыстарын  сынып  болып  талдап,   қателерін  тапқызу. Қайталанып  кеткен  сөздерге  синонимдер  тапқызып,  оқушылардың   жұмыстарының   мазмұны  мен   көркемдігіне  талдау  жасау,   өңдеп  қайта  жаңғырту  жұмыстарын  жүргізе  отыру.  Осындай  жұмыстар нәтижесінде   айтарлықтай  жетістіктерге   де  қол жеткізуге  болады. Дарынды  оқушылармен   жан –жақты  жұмыс  жүргізу  арқылы   балалардың  өздері  таңдаған пәндерде  қызықтыратын  сұрақтары  бойынша   жобалар  жасауға  кіріседі. Таңдаған  тақырыптары  бойынша  жыл бойы  жұмыс  жасап,  жоспар құрып,  жүргізілетін  жұмыстардың алгоритмдерін құрғызып,  жұмыстарын жүргіздіріп отыру.  Әр сынып  ішіндегі  дарынды  оқушылар  өздерінің  тапсырмаларын  бұлжытпай  орындай  отыра,  жанындағы  оқушыларға  да  үлгі  болып  отырады.       Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтары  арттады,   білім сапасы  да жоғарлайды,    оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  арттырылады.  Сондықтан қазірден бастап  оқушыларды  қолға  алып,   жан - жақты  ашылуына  мүмкіндік  беруіміз  қажет.  10- слайд Мен –з п2н3мде дарынды баламен ж9мыс жасаау 8ш3н мынадай жоспар 09рып алам7

Жұмыс мазмұны

Мақсаты

Мерзімі

1

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дарынды оқушы-лар тізімін анықтау

Оқушының қабілетін байқау, онымен жүр-гізілетін жұмыс түрін белгілеу

Қыркүйек – қазан

2

Cөз өнеріне баулу

Оқушыларды әдеби тілде сөйлеуге, сөз қолданысы шеберлігін үйрету

Жыл бойы

3

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша түрлі сайыстар мен олимпиадаларға дайындық

Олимпиада тапсырма-ларының деңгейімен таныстыру

Қараша – қаңтар

4

2012-2013 оқу жылындағы мерекелік іс-шаралар мен  пән апталығы бойынша газет шығару, безендіру

Оқушының танымдық белсенділігін қалып-тастырып, шығарма-шылыққа баулу

Жыл бойы

5

Жалпыға ортақ сатылай кешенді талдау  тәсілімен грамматикалық сауаттылықтарын арттыру

/Лексика, фонетика, морфология, синтаксис/

Оқушылардың грамматикалық сауаттылықтарын арттыра отырып қазақ тілі грамматикасын терең меңгерту

Жыл бойына

6

Зерттеу жұмыстарымен шұғылдану,

 

Дарынды оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу

Наурыз – мамыр

7

Танымдық бейнебаяндар түсіру

 

Бейнебаяндар тұсаукесерлерін ұйымдастыру

Дарынды оқушының өз жұмысына өзі баға-лау жасап, болашаққа жоспар белгілеуге ба-ғыттау

Жыл бойына

 

 

Жыл аяғында (мамыр)

Сонымен қатар қазақ тілі мұғалімі болғандықтан  кейін, өз тәжірибемде дарынды оқушылардың тіл байлығын молайтуға көп көңіл бөлемін. Мысалы: 10 «б» сыныбында Куштан Владимир, Сарыбай Амина  деген дарынды балалар бар. Мен оларға қосымша тапсырмалар беремін. Әрқашан қазақ тілінде өтетін сыныптан тыс іс- шараларға қатыстырамын. Ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқуға баулимын.  Әрбір ұстаз осындай дарынды балаларды жетілдіріп, дамыта алса, ондай балалар біздің Қазақстанымыздың гүлденуіне зор үлес қосады деген сенімдемін.Өз ойым келешекте дарынды және талантты балалармен бір мақсатта жұмыс ажасап отырсақ, ХХІ ғасырдың  жан жақты зерделі,дарынды, талантты адамын қалыптастыра аламыз деген үлкен сенімдемін. Кезінде бір ойшыл «Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды- ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онанда маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады»- деген екен.

       Сонымен  тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталсам елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» - деген болатын.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь