Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

Құрметтейік асыл жанды адамдарды






Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға, өздеріне білім беріп, әріп пен жазуды үйреткен  ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге, ұстаз еңбегін бағалай  білуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар, тақырыптық плакат, гүл, құттықтау плакаты, ұлағатты сөздер.

Барысы:

Кәмиля: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.

Аяжан:

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.

Кәмиля: Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін «1 қазан - Қарттар күнімен» құттықтай отырып, еліміздің ауыр жүгін арқалап жүрген ұлағатты ұстаздарға да зор ықылас танытып, «Құрметтейік асыл жанды адамдарды!» атты мерекелік концертін ұйымдастыруды жөн көрдік.

Концертімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектеп директорының міндетін атқарушы Сағындықова Балғын Сыздыққызына береміз.

Аяжан:  Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әженің өрең өнегесімен, аталардың кәусар ақылымен беріліп отырғаны бәрімізге хақ. Сол сөздерімізге дәлел ретінде, оқушылардың қарт-қариялар туралы дайындап келген өлеңдеріне кезек беріледі.


  1. Диас:

Бейбітшілік тілегі,

Өмірлері толы аңыз.

Ел деп соққан жүрегі,

Бізде азамат боламыз.

Туған жерді сүйеміз,

Тау менен өзенін.

Алдында бас иеміз,

Ата менен әженің.

  1. Дархан:

Өздерің болсаң жанында,

Ел іші жомарт еңселі.

Дән иісі жүрген қанында,

Даламның бір бір бөлшегі.

Арада жолдар жөңкіліп,

Алыстап кеттім біртіндеп.

Айта алмай ауыз толтырып,

«Ассалаумағалейкум!»- деп

  1. Алиби:

Атам менің жақсы адам,

Аптықпаған саспаған.

Атам барда әрине,

Тарықпаймыз ақшадан.

Атам менің жақсы адам,

Қиындықтан қашпаған.

Немерені, мені де,


Артық көрді басқадан

  1. Асылжан:

Қиындықта шыңдалып,

Еңбек еткен еселеп.

Өздеріңнен үлгі алып,

Көрсетеміз қошемет.

  1. Нәзкен:

Абырой амандығың арта берсін Бақ дәулет қызығымен қатар берсін. Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп, Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін. Тыныштық елімізге бере берсін. Молшылық жерімізге ене берсін. Соғыстан ел жұртымыз аман болып Қызығын бейбіт өмір көре берсін Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін Тап-таза абыройлы болғаныңды Қазіргі ел билеген жастар көрсін

  1. Ақтоты:

Еңбек десе жан салып,

Маңдай терін төгетін.

Жатар кезде ән салып,

Ертегі айтып беретін.

Ата, әже ардақты,

Құтты болсын тойларың!

Салиқалы, салмақты

Жүзге ассын ойларың.

  1. Меруерт:

Жанды ғой бағы даламның,

Сіздерге қуат дем берсін.

Киесі де оның сіздерсіз,

Иесі де оның сіздерсіз.

Алдында жүрші көзімнің,

Асылым, алтын қазынам.

Ауыра қалсам өзіңнің,

Пейіліңнен- ақ жазылам.

  1. Данияр:

Атаменен немере – аяқталмас бір дастан

Екеуіне керегі – ашық болсын нұрлы аспан!

Балаңнан тәтті дейді немере,

Маған ақы сен өмірде төлеме

Гүл сияқты алақанмен аялап

Күн сияқты көтеремін төбеме

  1. Ернар:

Атам менің әманда Әдепті жан бол деген Атам сөзі санамда Жасы үлкенге жол берем Алдын орап кісінің Кесіп өтпе көлденең Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем. 10. Аяжан.

  1. Аңсар:

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Ақыл кенін арқалаған аталар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар Армысыз ауылымның асылдары Жайнасын көңілдердің жасыл бағы Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би Сіздер үшін мереке шашулары

  1. Жансая.
  2. Құндыз.
  3. Кәмиля.

 

 

Аяжан: Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дарыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады. Осыған орай көріністі тамашалаңыздар!

Көрініс. «Шал мен бала».

Шал – Аңсар.   Бала – Данияр.   Немересі – Құндыз.   Мәтін оқитын – Аяжан.

 

Кәмиля: Ұстаз-ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де барша шәкірттерге сол күндей жарық беріп, білім және тәрбие арқылы бойларын жылытады, көңілдерін жұбатады.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, сіздерге мың алғыс!

Аяжан: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар,- дей келе ендігі кезекті ұстаздарға арналған оқушыларымыздың өлең-тақпақтарында.

 

  1. Асылжан:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

  1. Диас:

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

  1. Дархан:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,


Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Керсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

  1. Алиби:

Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

  1. Нәзкен:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, Ол өзіңнің орындалған арманың. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік!

  1. Камиля:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

  1. Батырхан:

Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ-даңқын асырды бар әлемнен. “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

  1. Серік:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

  1. Данияр:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

  1. Ақтоты:

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

  1. Құндыз:

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

  1. Аяжан:

«Ұстаз» деген ардақты сөз, ұлы есім ғой, бұл есім Ұлы есімнің қасиетін есіңе алып жүресің Сол ұстаздың көмегімен ойлы қырмен шапқылап, Білім деген тұлпарға да сол арқылы мінерсің. Шәкірті жоқ ұстаз деген – жапырақсыз теректер Ұстазымның шәкірті үшін маңдайымнан ағар тер. Біріншіден, ата-анам жетелесе өмірге Екіншіден,  ұстазым-ау, өзің болдың себепкер.

  1. Меруерт: Ұстаз деген – жүрегімнің от боп жанған алауы

Ұстаз деген – өмірімнің мәңгі өшпес жалауы

Ұстаз деген -  Тәңіріміз сыйға берген ұлылық

Ұлылықты сақтайықшы, ұлы есім ғып мәңгілік

  1. Аңсар:

         Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»

          Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.           Құрметтеген бар адамзат баласы           Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім.           Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған           Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

  1. Ернар:

Бақытты қолдан  жасарлық күш бар ұстазда

Уақыттан  алға  асарлық  күш  бар ұстазда

Ой-сана  түлеп , күнде өсетін де  ұстаздар

          Болашақтарға  сән қосатын да  ұстаздар

 

 

 

 

 

  1. Жансая:

Санасына  шәкірттің,

Білім нәрін сіңірген.

Ұстаз алдын  көргендер,

Заман  көшіне  ергендер.              

Абыройын  асқақтат,

Орынын  әркез төрден  бер!

Кәмиля: Монолог. Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

 

Аяжан: Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Той деп бүгін әлем сырын ашады.

Осы күнгі мейрамдарға арналған

Жастарымыз өнерлерін шашады

Заманауи би. Қабыл алыңыздар! Флешмоб. Билайн.

 

Аяжан: Ал ендігі кезекте, оқушылардың сөздігінен алынған термин сөздерге тоқталып кетейін:

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік — үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын не қыз, не ұл.

Сабақ – үзілісті асықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы — әжеме айтатын басты сылтауым.

“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

 

Аяжан: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй. - деп Абай атамыз айтқандай, енді музыкалық нөмір. Бұл нөмір «Әуенді ырғақ» деп аталады. Қазір Сіздерге кез-келген әннің бір үзіндісі беріледі, оны сіздер тауып алу керексіздер. Егер шарты түсінікті болса, онда бастаймыз.

Аяжан:   Ортаға би дегенде өнерін аямайтын, жалындап тұрған жастарымыз шығады.                       Жастар биі. Қабыл алыңыздар!

Аяжан:                 Кезек оқушыларымыздың әзіл-сықақ нөмірлеріне беріледі.

1) Әжесі мен немересі. Назкен, Аңсар.

3) Қазақ тілінің мектепте емтихан. Аңсар, Нәзкен, Камиля.

4) Физикадан универде емтихан. Камиля, Аяжан, Ақтоты

Қорытынды.

Аяжан:

Ұстаз мейірімі-Ана мейірімі пара-пар,         Тұла бойға қуат болып таралар.         Көп жасаңдар, өмірге шуақ болыңдар,         Өздеріңізге бас иеміз ұстаздар!

Кәмиля: Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір сағат, деп бүгінгі мерекелік концертімізді тәмамдаймыз. Ардақты ата-әжелер, құрметті ұстаздар аман-сау болыңыздар! Әрқашанда жанымыздан табыла беріңіздер! Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп–көп рахмет. Енді сіздерден осы мерекелеріміз қайырлы, оқушыларымыздың оқуы абыройлы, мектебіміз мәртебелі болсын деп, бата берулеріңізді сұраймыз.

Оформление - түрлі-түсті қағаздан жасалған жұлдыз, ай, күн формалары, шарлар, плакат, тақырып жазылған қағаздар.

 

Керек заттар: КВН-ге плакат, оқушыларға кітап, дәптерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Көрініс. «Шал мен бала».

Шал – Аңсар.

Бала – Данияр.

Немересі – Құндыз.

Мәтін оқитын – Аяжан.

 

  1. КВН. Кезек оқушыларымыздың әзіл-сықақ нөмірлеріне беріледі.

1) Әжесі мен немересі. Назкен, Аңсар.

3) Қазақ тілінің мектепте емтихан. Аңсар, Нәзкен, Камиля.

4) Физикадан универде емтихан. Камиля, (Ернар)Аяжан, Ақтоты

5) Ағылшын тілі сабағында. Нәзкен, Камиля, Данияр, Құндыз. -------

 

 

  1. Әнді тауып ал?
  2. Би, флешмоб – 2.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Егінді-Ағаш орталау мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Құрметтейік асыл жанды адамдарды!»

 


 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь