Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан ұстаздар




Күні: 09.12.2016

Уақыты: 15.00

Өтетін орны: Егінді-Ағаш орталау мектебінің ғимараты

 

Мақсаты: Аса мәртебелі мамандықтың бірі – ұстаздық кәсіптің қыр-сырын ашып, қызметін дәріптеу арқылы қатысушылардың бойында ұстазға деген құрметтілікті арттыру.

Міндеттері:

  • Мұғалімнің қызметіне талдау жасау;
  • Оқушыларды тұлға ретінде қалыптастырудағы мұғалімнің рөлін анықтау;
  • Ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы байланысты нығайту.
  • Педагогикалық қызметтегі түйіткілді мәселелердің шешу жолдарын табу.

Өзектілігі: Оқыту мен тәрбиелеуді қатар тізгіндейтін, оқушыларға ұлттық және жалпы адами-мәдени құндылықтарды насихаттайтын ұстаздық қызметтің бүгінгі күндегі жағдайын талқыға салу.

Жаңашылдығы: Іс-шараны өткізу барысында инновациялық әдістердің ұтымдылығын көрсетудің бір жолы ретінде ток-шоу форматын қолдану.

Күтілетін нәтиже:

  • Мұғалімнің мәртебілік дәрежесі арта түседі.
  • Ел дамуына үлесін тигізіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетіледі.
  • Оқушылар мен ата-аналар мұғалімдердің қызметін бағалайтын болады.
  • Оқушылардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығы көбейеді.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, шарлар

Өткізілу түрі: дискуссия түрінде, ток-шоу форматында

Қатысатындар: мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар.

 

Қатысушыларды төрде қойылған орындықтарға отырғызамыз.

 

Жоспары:

  1. Жүргізушінің сөзі.
  2. Бейне ролик. Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы мұғалімдердің рөлі туралы.
  3. Жүргізушінің қатысушыларға сұрақтары.
  4. Проблемалық жағдаят. Видео.
  5. «Егер мен мұғалім болмасам» тренингі. Қатысушы мұғалімдер ауызша өз ойларын айтады.
  6. Қорытынды.
  7. Презентация. «Мектеп тынысы» («Мектебім» әнімен бірге жүреді)

 

Алғысөз:

Қайырлы күн құрметті көрермендер! Бұл «Айтарым бар» ток-шоуы.

Міне, біздер күн санап Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына табан тіреп келеміз. Бұл орайда айта кеткен жөн, ел дамуында мұғалімдердің алатын орны өзіне бөлек. Мұғалімдер сол тәуелсіздігімізді қадірлеп, өскелең ұрпаққа дәріптеп жүрген, тәуелсіздігімізді баянды ететін азаматтарды тәрбиелеп жатқан солар. Бұл Сіздер сияқты ұстаздарға шексіз сыйластықты танытып, мәртебе көрсетуде аянбау керекпіз

дегенді білдіреді. Қазір бейне-роликті тамашалайық! Содан соң әрі қарай жалғастырамыз.

Енді құрметті ұстаздар, қонақтар бүгінгі ток-шоуымыздың негізгі бөліміне көшетін болсақ. Бүгін студиямызда елге сыйлы, ұлттық білім беру жүйесіне септіктерін тигізіп жүрген, Егінді-Ағаш орталау мектебінің қадірлі ұстаздары қонақта. Сонымен қатар, ата-аналар, білім алушы оқушылар да студиямыздың төрінде.

Енді,

Сұрақтар А

  1. Құрметті қатысушылар, жалпы бүгінгі күнде мұғалімдердің жағдайы қандай?
  2. Мұғалім болу кез-келген адамның қолынан келе береді ме?
  3. Кеңестік білім беру жүйесінің қандай артықшылығы мен кемшіліктері болды?
  4. Үкіметтің мұғалімдерді қолдауы қандай деңгейде жүргізіліп отыр?
  5. Оқушылармен жұмыс істеу барысында қандай мәселелер туындайды?
  6. Мұғалімдік қызметтің болашағын қалай елестетесіздер?
  7. Жалпы мұғалімдер Тәуелсіздігіміздің баянды болуына септігін тигізіп жатыр деп ойлайсыздар ма?
  8. Ауылдық жерлердегі мұғалімдердің хал-ахуалы қандай деп ойлайсыздар?

 

Проблемалық жағдаят. Видео.

  1. Сіздер бұған не дейсіздер?
  2. Осы айтылып жатқан сөздерге сіздер не қосар едіңіздер?

 

 

Сұрақтар В

  1. «Мұғалім мәртебесі мен тауқыметі» дегенді қалай түсіңесіздер?
  2. Мұғалім мамандардың жетіспеушілігі орын алады деген жағдайлар бар. Не себептен?
  3. Мұғалімдердің қызметін мемлекеттік қызметке теңейтін болса, Сіздер қалай қарайсыздар?
  4. Мұғалімнің тұрмыстық әлеуеті жоғары деп айта аласыздар ма?
  5. Не себептен қазіргі кезде оқушылардың, ата-аналардың тарапынан мұғалімдерге қатысты дөрекі әрекеттері жиілеп кетті?
  6. Мұғалімдер әрдайым ата-аналармен, жұртшылықпен байланыста болады ма?
  7. Өздеріңіз мұғалімдік жолды таңдағандарыңызға өкінбейсіздер ме?

 

Оқушыға сұрақ:

  1. Сенің мұғалімдердің қызметіне қатысты ойың қандай?
  2. Мұғалім болған оңай деп ойлайсың ба?
  3. Болашақта мұғалім болу армаңында бар ма?

 

 

 

«Егер мен мұғалім болмасам» тренингі.

Қорытынды:

 

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Оны әрбіреуіміз есте сақтау керекпіз.

Тәуелсіз Қазақстанмен бірге білім беру жүйесі де дамыды. Бүгінгі күнде еліміздің білім беру жүйесі аяғына нық тұрған. Инновациялық кеңістікте кез-келген сынға төтеп бере алатын жағдайға да жетіп отырмыз. Білім беру үдерісі өзгеріп, оқыту бағдарламасы жаңартылып жатыр. Бұл орынды құбылыс. Заманымен бірге адамы да алға қадам басуы керек. Бүгінгі қонақтарымыздың ішіндегі алдыңғы толқын өкілдері, сонау Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның білім беру жүйесіне өз үлестерін тигізіп, ендігі уақытта қазақстандық білім беру үрдісіне атсалысып жүрген тұлғалар. Ал жас ұстаздарымыз бүгінгіні жалғастырып, ертеңгі - заманауи қазақстандық білім беру моделін қалыптастыратын азаматтарымыз. Осылайша білім беру үрдісі әлі де талай тиімді өзгерістерді басынан кешеді деген ойдамыз.

Сіздермен болған «Айтарым бар» бағдарламасы. Көріскенше, күн жақсы!

 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь