Мақсаты: Оқушыларды қоршаған әлеммен таныстыра отырып, оның адамзатқа маңыздылығын түсіндіру.
Міндеті:
- Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру.
- Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- Мейірімділікке тәрбиелеу.
- Оқушыларда әлемді жақсы жағынан сезіне білу құндылықтарын кеңейту.
Күтілетін нәтиже:
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, иллюстрациялық материалдар.
Жоспары:
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Ақпан айының 2-12 күндері аралығында еліміз бойынша Өзін-өзі тану пәнінен «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтіп жатыр. Соған орай біз де «Қызыққа толы бұл әлем» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырдық. Сол іс-шараға Сіздерді арнайы шақырдық. Осындай онкүндік өткізіліп жатыр екен, соны естісің, көрсің, білсің деген мақсатта.
Оқушылар қалай ойлайсыңдар, әлем дегеніміз не? Әлем сөзін қалай түсінесіңдер?
Айналамызды қоршаған орта – әлем! Әлемде көптеген ормандар бар. Орманда, далада ағаштар бар, гүлдер бар. Әлемде биік таулар, терең теңіздер, құстар, адамдар бар. Барлығымыз осы әлемде өмір сүреміз.
Әлемде қандай қызықтар бар? Әлемде хош иісті гүлдер қызықты жәндіктер, гүлден – гүлге қонған көбелектер бар. Бұлардан басқа да көптеген қызықтар бар. Бұлардан басқа да көптеген қызықтар бар.
«Ең ерекше» жаттығуы.
Әр оқушы өздері үшін ең ерекше болып табылатын дүниені ауызша айтып береді.
ӘЛЕМГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТТАР
«САҒАТ ТІЛІМЕН» ТРЕНИНГІ
12 адам керек немесе адам санында айырмашылық жоқ.
Әр қатысушының қолына қағаз беріледі. Олар сағаттын суретін салып (12-ге дейін сандарды жазып) әр санына сол жердегі адамдардың атын жазады. Кейін жүргізушінің айтуы бойынша әр санға қатысты есімі жазылған адамдармен тиісті әрекет жасайды.
Мұғалім: Адамның өмірінде әр түрлі жағдай болады. Кейде адамдар дұрыс жасаймын деп бұрыс әрекеттер жасап қоюы мүмкін. Ондайларды «артық қыламын деп тыртық қылды» деп айтып жатады. Қызығы мен шыжығы толы бұл өмірде келесідей бір оқиға болыпты. Сонымен, көріністі тамашалаңыздар.
Көрініс. «Көбелек»
Бірде бір адам келе жатып өз қуыршағынан шығуға тырысқан көбелекті көріп таң қалады. Оның таңырқағандығы соншалықты, бірнеше сағат көбелекті тапжылмай тұрып қадағалайды.
Біраз уақыт өткен соң көбелек шаршағандай сыңай танытып, қозғалыссыз қалды.
Сырт қараған адамға көбелек қолынан келгеннің бәрін жасаған, одан әрі еш шамасы жоқтай көрінді.
Сол кезде адам көбелекке көмектеспек болып, қолына пышақ алды да, қуыршақты кесіп жіберіп еді, көбелек атып шықты. Бірақ оның денесі әлсіз, қанаттары қатаймаған еді.
Адам көбелектің қанаты ашылып, ұшып кетеді деген сеніммен қадағалауды жалғастыра берді. Бірақ ол бола қоймады!
Ендігі кезде көбелектің басына қалған өмірін қанатын сүйретіп өту жазылды.
Ол енді ешқашан ұша алмайтын болды.
Мұның бәріне көбелектің кедергіден өз бетімен жол табуына мүмкіндік бермеген адам кінәлі еді.
Көбелек қуыршақтың ішінен өз бетімен шыққанда ғана еркін дамып, өсе алады екен.
Өмірдегі кедергілерден өте алу үшін балаларды ерте кезден бастап табандылық пен шыдамдылыққа үйрету қажет.
Балалардың кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – үлкендердің міндеті.
Тренинг. «Ұқсатамыз бәрін біз».
Күн боламыз – жарық, жылу беріп тұратын жұлдыз. Ол орасан мол энергия бөліп шығарады. Жел боламыз – кейде қатты, кейде баяу қозғалып соғатын ауаның ағымы. Боран боламыз – қарды, топырақты бұрқыратып соғатын қатты жел. Жаңбыр – аспаннан су тамшылары түрінде жерге түсетін ылғал, жауын – шашын.
Ойын. «Қуанышты адам»
Шарты: Оқушылар қуанышты адамның бет бейнесін салады. Ортада ол адам не үшін қуанып тұрғаны туралы айтып беруі керек.
Жүректен-жүрекке.
Балалар жұптасып дөңгелене тұрады.Жұптасқан балалар бір-бірінің алақанын алақына тосады,содан соң оң жақта тұрған бала көршісіне ,сол жақтағы бала сол жақтағы көршісіне алақанын тосады.Бәрі қол ұстасады,қолдарын жоғары көтереді де, күннің шуағын құрайды.Бәрі қосылып мына өлең жолдарын айтады:
Біз қандаймыз,қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Қорытынды:
Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туысты
Нұр сыйлаған күн ыстық,
Ыстық бізге кең өлке.
Ыстық бізге тыныштық. – дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатына қатысты ойларыңызбен бөлісемін десеңіздер, рұқсат өздеріңізде! Келіп қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Қош, сау болыңыздар!
Көрініс. «Көбелек»
Бірде бір адам келе жатып өз қуыршағынан шығуға тырысқан көбелекті көріп таң қалады. Оның таңырқағандығы соншалықты, бірнеше сағат көбелекті тапжылмай тұрып қадағалайды.
Біраз уақыт өткен соң көбелек шаршағандай сыңай танытып, қозғалыссыз қалды.
Сырт қараған адамға көбелек қолынан келгеннің бәрін жасаған, одан әрі еш шамасы жоқтай көрінді.
Сол кезде адам көбелекке көмектеспек болып, қолына пышақ алды да, қуыршақты кесіп жіберіп еді, көбелек атып шықты. Бірақ оның денесі әлсіз, қанаттары қатаймаған еді.
Адам көбелектің қанаты ашылып, ұшып кетеді деген сеніммен қадағалауды жалғастыра берді. Бірақ ол бола қоймады!
Ендігі кезде көбелектің басына қалған өмірін қанатын сүйретіп өту жазылды.
Ол енді ешқашан ұша алмайтын болды.
Мұның бәріне көбелектің кедергіден өз бетімен жол табуына мүмкіндік бермеген адам кінәлі еді.
Көбелек қуыршақтың ішінен өз бетімен шыққанда ғана еркін дамып, өсе алады екен.
Өмірдегі кедергілерден өте алу үшін балаларды ерте кезден бастап табандылық пен шыдамдылыққа үйрету қажет.
Балалардың кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – үлкендердің міндеті.
Посмотреть новость на сайте учреждения