12 желтоқсан күні мектептің оқушылардың діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы саналарын тәрбиелеуге арналған ақпараттық-насихаттық жұмыстар жоспарының негізінде 6-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Дін – тәрбие діңгегі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш іс-шараны «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімі Кожабеков Мирас Дюсембекович ұйымдастырды. Бұл іс-шараның барысында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімі оқушыларға дін туралы, діннің қоғамдағы орны және тәрбиелік маңыздылығы жайлы толық ақпарат беріп, кейін сұрақтар қойып, мысалдар келтіру арқылы тәрбие сағатын қорытындылады.
Мектеп директорының м.а. Сагындыкова Б.С.
Орынд. Кожабеков М.Д.
Посмотреть новость на сайте учреждения