Қарақамыс негізгі мектебінде 2016жылдың 21 қарашасы күні өскелең ұрпақты Ата Заңымызды құрметтеу мақсатында «Ата Заңым ардағым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты 5-6 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Әдісі: сұрақ-жауап араласқан әңгіме түрінде болды. Көрнекілік ретінде көрме ұйымдастырылды. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде Мемлекеттік Әнұран орындалды. Содан кейін «Шаттық шеңбері» тренингісі өткізілді. Сынып жетекшісі Баятина С.Т. мен оқушылар арасында байланыс орнады. «Ой қозғау» әдісі бойынша «Ата Заңымыз қалай өмірге келіп еді?» деп оқушыларға сұрақ қоя отырып, сабағын бастады. Конституция туралы толық мағлұматтар бере отырып, Мемлекеттік Рәміздерге тоқталып өтті. Сабақтың келесі кезеңінде оқушылар топқа бөлініп, оқушылармен жұмыс жасады.1-топ тапсырмасы: «Отан деген сөзді естігенде ойыңа не түседі?» постер құрау болса, 2-топ тапсырмасы: «Тәуелсіздік бізге не берді?», «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұрақтарға өз ойларын постер құрап, дәлелдеді. 5-сынып оқушылары А.Айдын, Т.Алуа, Ш.Томирис, 6-сынып оқушысы А.Арғынның жауаптары, ойлары бағаланып, мадақталды. Оқушылар өлең оқыды, мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастырды. Сабақтың қорытындылау кезеңінде сынып жетекшісінің қорытынды сөзімен аяқталды. Үй тапсырмасы ретінде Ата Заңымызға арнап өлең құрастырып келу болды. Сабақ жақсы деңгейде өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения