Қарақамыс негізгі мектебінде 2016 жылдың 6 желтоқсанда ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен «Бұл Қазақстанда жасалған» айдарымен көрме өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақты қөлөнер бұйымдарының жасалу жолын түсіндіре отырып, салт-дәстүрлерді қадірлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Көрмеге ата-аналар, ұстаздар, оқушы қыздар қатысты. Ата-ана Хозина Торғын тоқыма бұйымдарын таныстырса, ата-ана Алтынбаева Айнұр көрпешелердегі ою өрнегін және шұлық тоқу өнерін таныстырып үлгісін көрсетті. Қыздар ата-аналарға сұрақтар қойды, көрме қызықты әрі тартымды өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения