Қарақамыс негізгі мектебінде 2016 жылы 25 қараша күні 5-9 сынып оқушыларының арасында «Әлемдегі бейбітшілік үшін» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді тарих пәнінің мұғалімі Қожабаев Орал Қазжанұлы өткізді. Мақсаты: Тәуелсіздікке жету жолындағы атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттерді оқушыларға түсіндіру. Дөңгелек үстел барысында көрнекілік ретінде слайд материалдарын пайдалана отырып презентация жасалды. Слайд материалдарында Н.Назарбаевтың, қазақстандықтардың жеткен жетістіктері туралы көрсетілді. Мұғалімнің кіріспе сөзінде бейбітшілікті дамыту мақсатында 1993 жылы ТМД елдері арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1995 жылы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылғандығы туралы айтып өтті. Қазақстанның ішкі, сыртқы саясатының мақсаттарына тоқталды. 1992 жылдан бастап БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ ұйымдарымен байланыстарын нығайтты. Н.Назарбаевтың «Әлем. 21 ғасыр» атты манифесіне тоқталды. Онда ядролық қарусыз әлем құруға арналған бірден-бір құжат екендігін айтып өтті. Дөңгелек үстел барысында әлеуметтік ұстаз Шукеева Р.К. өзінің пікірін білдіріп өтті. Пікірталас барысында мұғалім елімізде бейбітшілік орнау үшін түрлі діни конфессиялар арасында өзара келісім, ұлтаралық қатынастарды нығайту барысында көптеген жұмыстар атқарылғандығына тоқталып өтті. 9-сынып оқушысы Өміртай Д. «Қазақстан және дүние жүзі» атты рефератты қорғады.
Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларға «Мен бейбітшілікті қалаймын» тақырыбында сурет салу тапсырылды.
Посмотреть новость на сайте учреждения