Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

«Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі!»



Қарақамыс негізгі мектебінде 2016 жылдың  11 желтоқсанында «Жасыл Ел» экономикасына байланысты «Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі!» атты 5-9 сынып аралығында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақты география пәнінің мұғалімі Шукеева Р.К. жақсы деңгейде өткізе алды. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыладың ойлау қабілетін, дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақты өткізу әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, постер құрау. Оқушылар 3 топқа бөлініп, жұмыс жасады. «Танысу аялдамасы» сәті сәтті шықты. Онда оқушылар глобусты ұстап өзінің атын, немен айналысатынын айтып келесі оқушыға беру арқылы  Жер шарын қалай ұстағанына мән беріп, мұғалімнің жер шары үшін жауаптымыз екендігі туралы айтып сабақты бастады.»Ой шақыру»  кезеңінде Қазақстанның байлықтары туралы слайд материалдары көрсетілді. «Қасірет» атты аялдамада «Арал тағдыры», «Семей полигоны» туралы рефераттар оқылды. Сабақ соңында «Жасыл Ел» экономикасын қалай дамытуға болады?» деген сұраққа топтар постер құрап қорғады.
 











Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь