Қарақамыс негізгі мектебінде 2016 ж. 22 қараша күні «Менің елімнің Рәміздері» атты ауызша журнал болып өтті. Сыныптан тыс іс-шараға 1-9 сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Іс-шараның мақсаты: ұллтық рәміздердің әрбір бөлшектеріне тоқталу, халқымыздың өткені мен бүгінгісіне қысқаша шолу жасау. Оқушыларға мемлекеттік Рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар Ант қабылдады. Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мұғалім ауызша журнал не екендігіне тоқталып өтті. Ауызша журнал 4 беттен тұрады. 1-бет «Халқымыздың өткен күніне шолу» деп аталды. Оқушылар 15 ғасырдан қазақ хандығының құрылғанына, 18-19 ғасырда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. 1923-33 ашаршылық, 1937-38 жылғы қасірет, 1941-1945 жылғы Ұлы Отан Соғысына, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қысқаша тоқталып өтті. Өлеңдер оқылды, «Елім-ай» әнін оқушылар нақышына келтіріп орындады. Ауызша журналдың келесі беті «Еліміздің рәміздері» деп аталады. Ту, Елтаңба, Әнұран туралы толық мағлұматтар берілді. «Мемлекеттік Рәміздердің авторлары» атты бөлімінде Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның авторларының өмірінен қысқаша мағлұматтар берілді. «Үшқоңыр» әнін ер балалар триосы орындады. Журналдың келесі беті «4 маусым» деп аталды. Бұл бөлімде 4 маусым – Рәміздер күні болып жарияланғандығы туралы айтылды. Жастар форумында Н.Назарбаевтың сөзінен үзінді оқылды. 5-сынып оқушысы А.Айдынның «Көк тудың желбірегені» атты әнмен ауызша журналды аяқтады. Ауызша журналды тәрбие ісінің меңгерушісі Бегенбаева Ж.Т. слайд материалдарын пайдаланып жоғарғы деңгейде өткізе алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения