Коммунальное государственное учреждение «Отдел образования Айыртауского района коммунального государственного учреждения «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
Қай уақытта болмасын отбасы адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мекені, мектебі болған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», — деп, халықымыз бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Кешегі өткен "Өнеге отбасынан басталады" атты әдемі концертіміз де осы отбасы құндылықтарын уағыздайтын іс-шараның бірі. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі және мектеп психологы Жамангарина Алтынай Кенжебайқызының ұйымдастыруымен өткен әдемі концертте әуезді әндер тыңдап, көңіл-күйімізді 100%ға көтеріп қайттық.