Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

Ашық сабақ

Қазақ тілі
 Сабақтың тақырыбы Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ш.Уәлиханов туралы кеңінен мағлұмат алады, алған білімін практикалық жолмен көрсетеді. Тақырып аясында сөйлеу, талдау, сәйкестендіруге дағдыланады

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, оқу материалын іріктеу, тұжырымдау, алған білімін пайдалана білу дағды мен біліктерін дамыту

Тәрбиелік: қазақ халқының атақты адамдары, тарихи тұлғаларын мақтан етіп, Отанына келешекте адал кызмет етуге, білімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы,
Сабақтың әдісі: тыңдалым, оқылым, айтылым, сұрақ- жауап, жартылай ізденіс, озық тапсырма, талдау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериал, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау
ә) Оқушыларды түгелдеу а
) Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау.
ә) Балалар, бүгінгі сабағымыздың –басқа сабақтардан өзгешілігі бар. Бүгін біз " Шоқан – ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы" атты тақырыпта портрет сабағын өтеміз. Бұл сабақтың өзіндік ерекшелігі оқушыларға алдын ала тапсырма беріліп, ізденіс жұмыстарын пайдаланып, оқушы пікірі тыңдалады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. -Балалар өткен сабақта біз ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетін өтіп, алдын ала үй тапсырмасы ретінде Жәутіков Орынбек Азметбекұлы жайында баспасөз материалдарынан, қосымша әдебиеттерден мәліметтер іздеу керек болды. Сабаққа дайынбыз ба? Дайын болсақ, сабағымызды бастайық.

Сабақ айдары: Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған?
Пікір алмасу. — Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?
— Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер? ( интерактивті тақтада ұлы тұлғалардың портреттері)
— Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?

ІІ. Ой қозғау
— Бейнесюжет тамашалау / Сабақты бастамай тұрып, бейнесюжет көрсетіледі (Ш.Уәлиханов көшесі). Оқушылар көрсеткен бейнесюжет негізінде сабақ кім туралы екенін, сабақтың тақырыбын анықтайды. Тақырып арқылы сабақтың мақсатын айқындайды.
— Балалар, бұл кім?
— Бүгін сабақ кім туралы болмақ?
— Сабақ мақсаттарын бірге айқындайық? / оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды/

ІІІ. Білімдерін өзектендіру / білімдерін жаңғырту/ Ой қозғау / ассоциативтік картамен жұмыс: байланысын дәлелдейді/
1.Бүгінгі сабақта біз, кім туралы әңгімелесеміз? (Ш.Уәлиханов )
 2. Оның өмірі қандай болған? ( жұлдыздай аққан жұлдыздай болған)
 3. Шоқан Уалиханов Қазақстанның қай жерінде туған?(Сарарқада)
 4. Шоқан қандай адам болған? ( Шоқан өте жарқын оқымысты,білімді адам ьолған)
 5. Ақсүйектер деп кімдерді атаған? ( Ақсүйектілер деп сұлтандарды атаған және олар Шыңғысқанның ұрпағы болып саналады.)
 6.Шоқан Ресейге нені түсіндірді? (даланың не екенін ,оның халқы кім екенін бірінші болып түсіндірді)
 7. Шоқан Уалиханов не деп айтқан? ( Алдыменен өз халқымызды , сосын Сәбірді, сосын Ресейді, содан кейін барлық азамат)

ІV. Жаңа сабақ: Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедханафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, ХIХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Туған кездегі есімі: Мұхаммед Қанафия Қызметі: шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Туған күні: 1835 жыл Туған жері: Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасы Ұлты: қазақ Қайтыс болған күні: 10 сәуір 1865 Қайтыс болған жері: Көшентоған, Жетісу Әкесі: Шыңғыс Уәлиханов Анасы: Зейнеп Шорманова Жұбайы: Айсары Уәлиханова Балалары: жоқ Шоқан– тарихшы, ежелгі мәдениет пен өнердің археологиялық ескерткіштер мен сәулет өнері тарихшысы. Жолжазбаларында тұрақтар мен елді мекендерді, таулар мен өзендерді географ ретінде тарқатып келеді де, өз ойларын өнер Шоқан – ұлы ғалым, ол Қозы Көрпеш– Баян сұлу кешенін «қырғыз– қайсақтардың мазарларынан» басқа жерде талдап тарқатпаған. Оның Қазақстан және Орта Азия халықтарының ежелгі өнерінің тарихы жөнінде айтқан ой – пікірлері аса құнды да терең . Еңбектері «Алты шаһардың жайы туралы», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» , «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Манас» жырын алғаш қағаз бетіне түсірді. Суреттер : Сырымбет ауылы, Сырымбет мұражайы, Омбы кадет корпусы. ХІХ ғасырдағы Петербург тарихымен ұламтырып жібереді. Мәтінмен жұмыс: Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан ХVғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі. Ал,атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі-Шыңғыс Уәлиханов білімдә адам болған. Шоқан өзі хан тұқымынан болса, нағашы жұрты атақты Шорман би. Шоқан Мұхаммед -Ханафия Шыңғысұлы II Уалиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында дүниеден өтті. Шоқан есімі қайдан шықты? Қазақ арасында оқыған адамдар шағатай тілінде сөйлеген. Олар хат жазса "шұ"- дан бастап жазған. Шоқанның ата-анасы оның мінезіне қарап, осы хан болады деп, баласын еркелетіп,’’ Шағатай тілі мәнерімен’’: ‘’Шұ-хан’’ деп атаған. Солай Шоқан болып кеткен. Шоқанға тәрбие беруге әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні,ілімімен танысады.Сурет салудыда уйренді. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады.Осы әскери,әмбебап білім беретін оқу орнында Шоқан жетілді.Алғаш оқуға түскенде бір ауыз орысша білмеседе орыс жолдастарынан басып озды. 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер шенімен бітіргеннен кейін Сібір қазақ әскерлеріне қызметке жіберілді. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының адьютанты болып тағайындалды. 1855жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Госфорттың Орталық Қазақстан,Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. 1856жылы белгілі ғалым П.С.Семенов Тянь-Шанскиймен танысты. 1857жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп,оның тарихын,этнографиясы және халықтың поэзиясын зерттеді. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. 1860жылы Санкт – Петербургте ол орденмен марапатталып,әскери шені жоғарлады. Шоқан Уәлиханов – суретші 1856-1858 жылдары Жетісуда Алматы, Қойлық, Алмалық қалаларының ескі жұртын зерттеп, көне заманның теңге ақшаларынан коллекция жасаған; Іледегі Таңбалы тас мекенін, Шолақтау мен Жоңғар қақпасындағы жартас жазуларының көшірмесін жасап алған және Аягөз бен Ыстықкөл жағасындағы тастардың суретін қағазға түсірген. Қазақтың этнограф- ғалымы – Шоқан Ш.Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын зерттеген. Ыстықкөл аймағына барып, қырғыз, ұйғыр, дүңген, қытай халықтарының тарихын да зерттеді. Қырғыз халқының « Манас» жырын қағазға түсірді. Шоқан – қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы, саяхатшы – ғалым. «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» атты еңбектер жазған. Шоқанның еңбектері , өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді. Шоқан Уәлиханов V. Мәтінмен жұмыс Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген. Шоқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхамедханафия. Алайда жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында шоқиып отырып, әңгіме, қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Бес жасынан хат таныған. Содан әжесі Айғаным сүйікті немересін Шоқан деп атап кеткен. Шоқанның жастайынан білім, ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың да әсері тиді. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс еді. Олардың көпшілігі бірнеше рет Шыңғыстың аулына қонаққа келген. Жеті жұрттың тілін білуге тиісті" хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда «екі-үш жылдан кейін-ақ өз кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады» (Г. Н. Потанин) 1853 жылы Шоқан Кадет корпусын бітіріп шығады. 1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858- 1859 жылдары Қашқарияға сапар шекті. Тапсырмалар: VI. Шығармашылық жұмыс

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь