Халықаралық әйелдер күніне орай 5-9 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертке оқушылардың аналары, ауылдың әйелдер қауымы және ұстаз-әйелдер шақырылды. Концерт мюзикл түрінде өтті. Бұл мюзиклде оқушылардың мектепті тәмамдап, жоғары оқу орнында оқып жүрген шақтары, сол уақытты мектептегі оқушы болған кездерін еске алған сәттері баяндалды. Оқушылар әсем ән шырқап, көңілді күлкі нөмірлерін көрсетіп, көрермендермен қызықты ойындар ойнатып мерекелік концерттің шырайын келтірді. Концертті ұйымдастырудағы негізгі мақсат: әйел затының абыройын одан әрі асқақтата түсу, оқушылардың аналарына деген сүйіспеншілігін насихаттау болған еді. Осындай іс-шараны өткізу арқылы көздеген мақсатымызға жеттік деген ойдамыз.
Посмотреть новость на сайте учреждения