13 наурыз күні мектеп оқушыларының діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы саналарын тәрбиелеуге арналған ақпараттық-насихаттық жұмыстар жоспарының негізінде 6-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Дін және мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға жалпы саны 12 оқушы және мұғалімдер қатысты. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты оқушылардың діни түсініктерін қалыптастыру, дін мен мәдениетке қатысты танымдарын кеңейту болды.
Дөңгелек үстелді ұйымдастыру арқылы оқушылардан діни сауаты терең, мәдениеттілікті ұстанатын, діни және мәдени құндылықтарды қадірлейтін тұлға қалыптасады деген нәтиже күтілген болатын. Оқушылардың өздері дайындап келіп, оқыған мәліметтері арқылы дін мен мәдениеттің арасындағы байланыстың мәні ашыла түсті деген ойдамыз.
Посмотреть новость на сайте учреждения