Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

Егінді-Ағаш орталау мектебінде «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті

6 сәуір күні «Отан қорғаушылар күні» қарсаңында 5-7 сыныптардың ұлдарының қатысуымен мектепішілік «Жігіт сұлтаны» сайысын өткізілді. Бұл сайыс 8 кезеңнен тұрды. Сайысты бағалайтын әділқазы алқасы сайланды. Бұл іс-шараға мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар қатысты. Сайысқа 5-ші сынып оқушысы Сағындық Әліби, 6-шы сынып оқушылары Биттитай Диас, Науқан Дархан, 7-ші сынып оқушылары Мурланов Ернар, Науқан Данияр қатысты. Сайысымыз әркелкі қызықты тапсырмалардан тұрды. Ең алдымен оқушылар өздерін таныстырып өтіп, кейін қазақтың салт-дәстүріне қатысты сұрақтарына жауап берді. Карточка ретінде берілген әртүрлі тапсырмаларды орындады. Спорттық қабілеттерін тексеріп, тігіншілік шеберліктерін де сынадық. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендіктен олардың әртістік шеберліктерін «Үй тапсырмасы» кезеңінде тамашаладық. Сайыстың ерекше сәті деп жігіттеріміздің «Қазақ батыры» киім үлгісін көрсеткендіктерін айтуға болады. Қатысушылар әртүрлі киім үлгісін дайындап келіп, көрермендерге көрсетіп, таныстырып өтті. Сайыстың ақырғы кезеңі арнайы тапсырмалардан құралып, оқушылар қастарына көмекшілерді таңдап алып, кез-келген кенеттен болатын оқиғаларға қалай әрекет ететіндіктерін көрсетті. Сонымен қатар, биші қыздарымыз да шетте қалмай, өздерінің өнерлерін ортаға салып, флеш-мобтар биледі. Іс-шараның соңында әділқазы алқасы өз шешімін айтып, қатысушыларды марапаттады. Бұл сайыста қатысушыларға «Шешен жігіт», «Өнерлі жігіт», «Спортсүйер жігіт», «Сәнқой жігіт» деген атаулы номинациялар бойынша мадақ қағаздары беріліп, ең бастысы «Жігіттердің сұлтаны» атағын 7-ші сынып оқушысы Науқан Данияр иемденді. Сайысымыздың мақсаты – ұлдардың бойында тапқырлық, алғырлық, табандылық және Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыра отырып, рухани дүниесін байыту болған еді. Өткізілген іс-шарадан кейін сайыскерлеріміздің әр іске жауапкершілікпен қарайтындығын, өз өнерлерін көрсетуге деген қызығушылықтарының арта түскендігін байқадық.










Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь