Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

Наурыз - думан

   Дауқара орта мектебінде  Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспары құрылып, өткізілді. Жұмыстың мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру болды. Әр сыныпта  Наурыз мерекесі туралы сынып сағаттары өтті. Мектеп кітапханашысы Мажикеева Ж.Н. «Наурыз – жыл басы» кітаптар көрмесін, «Шебер қолдары» үйірменің жетекшісі Алтаева И.М. наурыз мерекесіне арналған шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастырды. Шағын орталық бүлдіршіндері арасында «Қош келдің, Әз Наурыз!» ертеңгілік    өтіп,  д/т, 1-11 сынып оқушылар арасында   «Наурыз - думан»  мерекелік  бағдарламасы өткізілді. Сыныптар «Шоқан», «Мағжан», «Орынбай», «Ыбрай» «Ақан» ауылдарына бөлініп, ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайып, наурыз көжеден дәм татып, қазақтың салт-дәстурлерінен көрініс көрсетті. Барлық сыныптар белсенді қатысып,  өз өнерлерін көрсетіп,  ұлттық киімдерін киіп келді.   
    Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа  жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Мерейлі мерекені жоғары деңгейде қарсы алуға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар барын салды.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь