Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

Бас жүлде - ректордың гранты

    5-сәуір күні Қызылжар қалалық Мәдениет үйінде Алаштың ардақты ақыны, күллі түркі әлемінің тарланбозы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына орайластырылған «Мен жастарға сенемін» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Біздің мектептен екі оқушы – Әлібеков Заманбек пен Құрмаш Дәулет қатысты. Заманбек алғаш рет шықса да дипломмен марапатталып, ақшалы сыйлыққа ие болды. Ал Дәулет соңғы үш-төрт жылдың көлемінде айтысқа қатысып, сахнаға шығып келеді. Дәулет бас жүлде алып, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаевтың грантына ие болды. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Жанбай Қадыров салтанатты түрде университетте тегін білім алуға мүмкіндік беретін  сертификатты табыс етті.  «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», демекші Дәулетті айтыс өнеріне баулап жүрген бапкері, әрі мұғалімі Нұрғалиев Қасым Нұрғалиұлы.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь