Коммунальное государственное учреждение «Отдел образования Айыртауского района коммунального государственного учреждения «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
20 наурыз күні «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында д/т, 1-11 сыныптар арасында Наурыз мерекесі тойланды. Іс-шараға ата-аналар мен ауыл тұрғындары қатысты.Ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайып, наурыз көжеден дәм татып, қазақтың салт-дәстурлерінен көрініс көрсетті. Мектеп ауласында бауырсақ пісіріп, шәй қайнатып, мерекеге келген қонақтарға ұсынылды. Барлық сыныптар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық киімдерін киіп келді. Мерейлі мерекені жоғары деңгейде қарсы алуға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар барын салды.