Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

«Сырымбет орта мектебі» КММ «Коворкинг орталығы» бойынша АҚПАРАТ

«Сырымбет орта мектебі» КММ «Коворкинг орталығы» бойынша АҚПАРАТ Сырымбет орта мектебінде ақпанның бірінен бастап, Коворкинг орталығы қызмет атқаруын бастады. Жауапты тұлға ретінде кітапханашы Айгерім Жанатқызы мен Аға тәлімгер Қаракөз Дулатқызы тағайындалды. Коворкинг орталықтың мақсаты – бұл орталық жас буын оқушыларға өзін - өзі жетілдіру үшін мүмкіндік береді. Келушілер бос уақыттарын тиімді өткізеді. Көптеген қызықты іс - шараларға, акциялар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары мен зияткерлік ойындарға қатысып, интернет қызметін пайдаланады. Мектебімізде Коворкинг орталағы 4 аймақ бойынша жұмыс жасайды. Wi – fi аймағында кітапхана пайдаланушылары ыңғайлы жағдайда тегін сымсыз интернетпен кітаптарға қол жеткізе алады. Орталық алаңдағы үстелдерде сыныптан тыс шаралар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, шеберлік сыныптары өткізіледі. Релаксация аймағы – қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, ойларын сергіту мақсатында шашки, шахмат ойындарын ойнауға жағдай жасалынған. Рухани даму аймағында оқушылар өздері сүйіп айналысатын істерімен жұмыс жасап, шыққан туындыны көрмеге орналастырады. Алдағы уақытта орталықтың тиісті деңгейде жұмыс жасап, кітапсүйер қауымның бас қосар нағыз орталығына айналады деген сенімдемін.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь