Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1495530396

Bilim land

block2_eop.png?_=1559641449

 введите текст 

Все новости

Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі

 

 

1-күн

1-2-сабақтар

Тақырыбы:

1-сабақ:Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

2-сабақ:Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.

Мақсаты:

Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады жіне оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.

Түйінді

идеялар:

 

Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен (разминка) бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.

ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Мектептерге олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік

жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну.

 

Сабақ барысы:

 

Тренердің іс- әрекеті

Мұғалімдердің іс -әрекеті

Ресурс

1-сабақ •

          Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.

«Сөздерді құраймыз» жаттығуы

Өз есімдерінің әріптерінен сөздер құрау қажет. Талқылау кезінде мұғалімдерден жаттығу жасау қиындыққа түсті ме, жоқ оңай болды ма деген сияқты сұрақтар қоюға болады.

Тез әрекет етіп өз есімдерінен мағыналы сөз құрап, ұсыну керек.

«Танысу» сергіту сәтіне арналған жаттығу (Білім беру платформасын

қара).

 

Шағын топта жұмыс істеу ережесі.

Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және негіздеу.

Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі

«Топ жұмысын ұйымдастырудағы бірлік» бейнежазба көру

Тыңдаушылар топ ережелерін құрастырады. Бейнежазба көру арқылы топ бірлігін сақтаудың маңыздылығын түсінеді

Таныстырылым: Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс (Білім беру платформасын қара).

Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Білім беру платформасын қара).

 

 Топтық жұмысты бақылау және бағалау.

Шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері.

Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту: топтық жұмыс жүргізу «Как управлять командой» бейнежазба көрсету

 

Топтық жұмыстың тиімді жүргізілуі үшін қолайлы жағдай туғызу қажет екенін ұғынады. Бейнежазбадағыдай өз рольдерін бөліседі.

Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Білім беру платформасын қара).

Бейнежазба: Ауысып отыратын топтар (Білім беру платформасын қара).

 

 

Рефлексия

Кестені мұғалімдерге таратады

 

кеспелер

         

 

1-күн

1-2-сабақтар

Тақырыбы:

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Тыңдаушыларға тренерді таныстыру. Сергіту сәтін орындау.

Ұсынымдар:15 адамнан екі сап құрыңыз, оларды беттестіріп

тұрғызыңыз. Әр жұпқа 20 секундтың ішінде мүмкіндігінше көп

адамдармен амандасып, сосын қарама-қарсы жаққа кетуді ұсыныңыз.

•        Топта жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру үшін

мұғалімдердің жұп болып жұмыс істеуі.

•        Тиісті кестелерді қолдана отырып, шағын топтарда жұмыс істеп

отырған оқушылар туралы қысқа бейнежазбаларды қарау. Тиісті

нұсқаулық негізінде топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында

мұғалімдердің пікірлерін талқылау және оларға арналған ұсынымдар

бойынша шешім қабылдау.

Қосымша оқу: Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2-сабақ

•        Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу.

•        XXI ғасыр дағдыларының сипаттамалары.

Диалогқа көмектесу мақсатында бейнежазбаны көрсету:

http://www.youtube.com/watch?v=rvyP-cwpHN8&feature=colike.

Қосымша CISCO таныстырылымын пайдалану ұсынылады.

Ресурс:

Таныстырылым: ХХІ ғасыр дағдылары (Білім беру платформасын қара).

Стикер, қалам, флипчартқа арналған қағаз.

● Мұғалімдердің көзқарастары: төменде көрсетілген ресурстармен

танысыңыздар.

Ресурстар:

Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? (Білім беру платформасын қара).

Бейнежазба: «Оқушы үні» (Білім беру платформасын қара).

● Оқушылардың көзқарасы. Бейнежазбаны қарау.

Ресурстар:

Мінсіз оқушының сипаты (Білім беру платформасын қара).

Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы (Білім беру платформасын

қара).

● Мұғалімдердің құзыретті мұғалім туралы көзқарасы.Қазақстандық

мұғалімдердің құзыретті мұғалім моделі туралы көзқарасын басқа

елдегі мұғалімдердің пікірімен салыстыру.

•        Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

•  Бейнежазбалар мен таныстырылымды талқылау үшін ұстаздардың

топтарда бірлесе жұмыс істеуі.

•  Әр қатысушы жұптың көргендері мен естігендерінің нәтижесі

бойынша өз сезімдерін сипаттайтын анықтауыштарды айқындауы

және жазуы. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және

көрсету.

•  Қарсы пікір білдіретін әріптестер үшін және ойлану қажеттілігін

дәлелдеу және әріптестердің XXI ғасыр дағдыларына қойылатын

талаптарға қол жеткізу мақсатында оқыту және оқу тәжірибесіне

өзгерістер енгізу үшін постер немесе PowerPoint форматында

таныстырылым әзірлеу.

•        Рефлексия «Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...»

|

 

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь