Нұрланбек Мағзұмұлы.
СҚО, Айыртау ауданы, Златогорская
орта мектебінің математика және
информатика пәнінің мұғалімі.
Білім саласындағы оң өзгерістер
«Еліміздің ертеңгі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев.
Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп, өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Міне, сондықтан да Елбасымыз қазақстандықтарға білім берудің жаңа сапасына көшуді тапсырған болатын. Елбасы атап көрсеткендей, жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектептегі жас буын өкілдерінен басталады. Оларға осындай талап қою арқылы дамыған алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына мықтап кіру. Ел болашағының дамуы нақты өз жастарымыздың қолында тұрғаны сөзсіз. Осы мақсатта «100 балабақша, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша көптеген жаңа нысандар салынып жатыр. Сондай-ақ еліміздің әр түкпірінде Назарбаев Зияткерлік мектептері мен халықаралық талаптарға сай білім беретін Назарбаев Университетінің ашылуы соның дәлелі. Міне, ертеңгі дамуымыз үшін Елбасы мен мемлекет жастарға осындай жағдай жасап отыр.
Қазіргі заман талабына сай ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болсақ, онда мұғалімдеріміз қайта даярлаудан өтіп, білім берудің жаңа түрлері мен әдістерін жаңартуымыз қажет. Ал бұл міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру бүгінгі күнде мұғалімдердің кезек күттірмес міндеті. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында әлемдегі алдыңғы қатарлы ірі оқу орындарының бірі Кэмбридж Университеті арқылы кіріктірілген жаңа оқу бағдарламасының 7 модульден тұратын оу курсында өз білімімді жетілдіріп, толықтырудамын. Себебі нұсқаулықта: «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» {5-бет} (Strong, Ward & Grant, 2011). Ендеше барлық жүктің мұғалімге артылатыны белгілі. Жалпы бұл бағдарламадан түсінгенім, қазақстандық білім беру жүйесінен көп айырмашылығы бар, әрі жаңашылдығы мен ерекшелігі мол екеніне көзім жетіп келеді. Атап айтсам:
«көрінбейтін мұғалімге» айналуы;
Білім берудің жаңа мазмұнын меңгеру оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруды, өмірге бейімдеуді қамтамасыз етеді. Осы курс бойынша алған білімім менің кәсіби өсуіме негіз болады деп сенемін.
Нұрланбек Мағзұмұлы.
СҚО, Айыртау ауданы, Мәдениет
орта мектебінің биология және
информатика пәнінің мұғалімі.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау