Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Аталған бағыттың мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын жақсарту болып табылады. Бүгінгі күні ауданда 5 балабақша қызмет етеді (Саумалкөл селосында – «Родничок» және «Колосок», Константиновка селосында – «Балапан», Нижний Бурлук селосында – «Балдырган» және Куспек селосында – «Карлыгаш»). 43 мектеп кешенінде балалардың толық және толық емес тұру күнімен шағын орталықтар қызметін жалғастыруда.
2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» мектепке дейінгі балаларды тәрбие мен оқыту бойынша қамту бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін дамыту міндеттерін жеке меншік кәсіпорындарды жұмылдыру арқылы белсенді шешеді. 2015 жылдың қыркүйек айынана бастап Саумалкөл селосында 50 орынға арналған «Балауса» жеке шағын орталығы қызмет етеді. Имнатау селосында 60 орынды жеке шағын орталық ашу жоспарлануда. Ауданда 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% құрайды.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың заманауи дамуы білім құрылымымен қоса білім берудің инновациялық технологияларын қолданумен оқыту және тәрбие әдісінің жетілуін қажет етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты жаңартылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің жалпы білім беру типтік бағдарламасы және мектеп алды дайындықтың білім беру бағдарламасы әзірленді.
Мектепке дейінгі білім берудің дамуында едәуір алға қадам басу жасалғанына қарамастан жоғары білімді тәрбиешілер 9,5%, бірінші және жоғары санатты тәрбиешілер үлесі – 16,3% құрайды, сондықтан мектепке дейінгі ұйымдардың алдында кадырлық потенциялды көтеру міндеті тұр.
Жалпы орта білім
Білім беру жүйесінің алдында жалпы орта білім құрылымын жаңарту міндеті тұр. Ол «Назарбаев Интелектуалды мектебі» (НИМ) ААҚ тәжірибесі есебінен жаңартылатын болады. Білім беру құрылымын жаңарту – бұл білім беру әдісі бағдарламасының құрылымын мен құрамын қайта қарау. Біз «білетін адамнан» - «шығармашыл ойлай алатын, өздігінен дамитын адамға» көшеміз. Мұғалімге ойлаудың салғырттығын жеңуге, оқушымен бірге өзіде оқуға, оқушының қабылдауын өзгертуге, оқытудағы өктемшілдіктен ынтымақтастыққа көшуге тура келеді. 2016-2017 оқу жылында оқытудың жаңаша құрылымына бастауыш мектеп көшеді. Бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдер дайындалды. 206 педагог орта білім құрылымын жаңарту шеңберіндегі пәндер бойынша біліктілікті арттыру курстарынана өтті.
Тілдерлі меңгеру ерекше маңызға ие болып, мектеп бітірушілерді кешенді дайындаудың міндетті және біртұтас бөлшегі болып табылады. Біз үш тілде жоғары деңгейде білім беруді қамтамасыз ететін мектептін бір типіне қарай жылжуымыз керек.
Көптілді оқытуды еңгізу мақсатымен жаңа форматтағы мамандар қажет. Ауданда үш тілді меңгерген (қазақ, орыс, ағылшын) циклі жаратылыстану-ғылыми мұғалімдері жоқ. Аталған мәселені шешу ағылшын тілді жас мамандарды екінші жоғары білім алуға немесе жаратылыстану-ғылыми тәртіптегі мұғалімдерді ағылшын тілін үйренуге бағдарлау және ынталандыру болып табылады. Ағымдағы жылда екі тірек мектептерінен 10 педагог (Саумалкөл қазақ ОМ және №2 Саумалкөл гимнанзия-мектебі) «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде біліктілікті арттырудың тілдік куртсарын өтеді.
Мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту деңгейі стандартына сәйкес ауданның барлық мектептерінде бүгінгі күні «Қазақ әдебиеті» пәні 5-11 сыныптарда мектептің оқыту тіліне қарамастан мемлекеттік тілде жүргізілуде. Аталған пән мұғалімдерінің алдында оқытуы орыс тілді сыныптарда мемлекеттік тілді сабақ беру сапасын жақсапту міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және шағын жинақты мектеп оқушыларын сапалы білім алуға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа оқу жылынан бастап Имантау орта мектебінің негізінде екінші ресурстық орталық ашыдатын болады. Шалқар орта және Верхнебурлук негізгі мектептері магнитткі мектептермен анықталды.
Ауданның білім жүйесі 63 мекемені қамтиды: 50 жалпы білім беретін мектеп, кәсіпқойлық дайындықты жүзеге асыратын 2 мекеме, жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты, психология-педагогикалық түзету кабинеті, қосымша білім беретін 3 ұйым, 6 мектепке дейінгі білім беретін ұйым.
Ауданда білім мекемесі жоқ 37 елді мекен бар. Ол жерлерде мектеп жасындағы 250 бала тұрып жатыр. 310 оқушы күнделікті тасымалдау жағдайында, 144 бала бес мектеп ішілік интернаттарда тұрып жатыр.
Әр бала – бұл әрқашан өзінің қабілетімен және қажеттілігімен ерекшеленетін тұлға. Жана мектеп алдында тұрған міндет – осы ерекшелікті жоғалтып алмау, сондықтан, мектептерге жаңашыл ұстаздар қажет.
Ауданда білімді 1203 педпгогикалық қызметкерлер қамсыздандырады. Жоғары білімді – 83%, арнайы орта – 17%. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 56,4% құрайды.
Жаңашыл ұстаз педагогикалық ғылымдағы жетістігін пайдалана отырып, шеберлігін шындап, алға қадам басуы керек. Аудан педагогтары – конференциялар, семинарлар, кәсіпқойлық сайыстарға белсенді қатысады.
Мектептің тиімді дамуының басты сәтінің бірі – білім сапасын бағалау. Білім беру қызметі сапасын бағалау мақсатында 4 және 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) және ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүргізіледі. Ағымдағы жылы Бірлестік, Казанка, және Каменныйброд орта мектебінің оқушылары ОЖСБ-ға қатысты. Тестілеудің қорытындысы бойынша Бірлестік ОМ 4-сынып оқушылары обылыс бойынша үздік нәтиже көрсетті.
293 түлектен 217 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті (74%).
Биылғы жылы аудан бойынша орташа балл 70,06 құрады, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,04 баллға төмен.
Рейтинг бойынша бес үздік мектеп қатарына Ақан, Казанка, Шалқар, Карасевка, және Константиновка орта мектебінің ұжымы енді. Шалқар және Константиновка мектептерінің оқушылары жыл сайын берік білім көрсеткімен танылып жүргенін атап кету керек.
Жоғары мектеп марапатына 15 үміткердің ішінен №2 Саумалкөл МГ түлегі Виктория Черноусова (115 балл) мен Ақан ОМ түлегі Виктория Никитенко (112 балл) «Алтын белгі» аттестатын алды, 9 түлек – үздік аттестат алды. Барлығы 9 түлек 100 және оданда жоғары балл жинады, тапсырушылардың жалпы санынан 4,1% құрады.
Жоғары оқу орынына түсу қорытындысы бойынша 50 түлек (23%) мемлекеттік грант иегері атанды.
Сонымен қатар әр үшінші түлек межелі деңгейді бағындыра алмады. 10 түлек «2» баға алды, оның ішінде «Математика» пәні бойынша – Қызыл-Әскер, Рудный, Саумалкөл қазақ және №1 Саумалкөл орта мектептері; «Физика» - Саумалкөл қазақ ОМ оқушылары; «Дүние тарихы» - Қаратал ОМ оқушылары.
Златогорка және Кирилловка орта мектептерінің директорларымен өзінің басшылық функционалдық міндеттерін лайықсыз орындау барысы, олардың оқушылары жылдан жылға ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингінде соңғы орындарға тұрақтады.
Білім беру қызметінің және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сәйкестігін бақылау мақсатында барлық білім мекемелері бес жылда бір рет мемлекеттік аттаестацияға ілігелі. Ағымдағы оқу жылында 13 білім мекемесінен барлығы 5 атестатталды, бұл 38,3% құрайды. Тестілеу қорытындысы бойынша Заря, Златагорка, Айыртау, Арықбалық орта және Всеволодовка негізгі мектептерінің оқушылары төменгі білім нәтижесін көрсетті.
ҰБТ сапа көрсеткішінің және мемлекеттік атестаттау барысында оқушылардың білім көрсеткішін алу қорытындысының төмен болуы мектептердегі келесі мәселелерді көрсетеді:
- оқушылардың білім сапасын көтеру сұрақтары бойынша басшылық пен мұғалімдер құрамының арасындағы атқарушылық тәртіптің әлсіздігі;
- оқуға жігерлендіруді көтеру, оқуда қиындықтары бар оқушылармен жеке жұмыстар үшін жағдайдың жоқтығы;
- оқу-тәрбиелік үрдіске оқушының позитивті қатынасын қалыптастыру бойынша жұсытардың жүргізілмеуі.
Жоғарыда аталғандарға байланысты әр білім мекемесіне қажет:
- білім сапасын көтеру үшін – педагогтардың кадрлық құрамын жақсарту;
- білімде жақсы көрсеткіштерге жету үшін – мектептің тәртіптік сабақ беру сапасын көтеру;
- даму жоспарларын түзету бойынша шешім қабылдаудағы анық ақпарат беретін білім сапасының мониторингін жүргізу;
- мектепшілік бақылау жүйесін заманауи талаптарға сәйкес қалыптастыру.
Тек қана басшының, әкімшілік пен әр педагогтың мектепте іске асыратын жүйелі жұмысы оң нәтиже береді. Білім жүйесіндегі өзгерістерге сәйкес мұғалім өзі де өзгеріп, кәсіптік қызметіндегі дағдысын өзгертуі керек.
Осы уақытта қоғамдық үлкен мағынаға ие болып, мемлекеттік маңызды міндетке айналып бара жатқан балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесі мәнін қайта ойлау жүріп жатыр,
«Мәңгілік Ел» – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев көрсеткен жапыұлттық патриоттық идея ретінде жаңа жүйе қалыптастыратын құндылық. Оны құрайтын құрылым ретінде тәуелсіздік, ұлттық бірлік, тұрақтылық, толеранттық, қоғамдық келісушілік, территориялық біртұтастық, егемендік, теңдік, өмірде жүзеге асыратын, мектепте салынатын негіз болып анықталды. Осыған байланысты білім мекемелерінде мақсатты бағытталған тәрбие жұмыстары жүргізіледі, оқудың тәрбиелік құрамы күшейтілген.
Ауданның барлық мектептерінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы әрекет етеді, аталған ұйым құрамында 2 458 мүше бар.
Көшбасшылық қасиетке ие азамат және патриот қалыптастыру мақсатында, білім мекемелерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлауға дайындалу және өткізу бойынша шаралар жүргізіледі, оның негізгі мақсаты мемлекеттіктің әріқарай нығайуы, халық бірлігі, отан алдындағы мақтаныш, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеяны ілгері бастыру.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру – білім сапасына және тәрбиеге әсер ететін, білім үрдісінің маңызды бөлігі.
Аудан балаларының жазғы демалыс ерекшелігі профессор Виктор Феодорович Зайберттің басшылығымен Ботай энеолиттік қонысының қазу жұмыстарына қатысу, этнопедагогикалық бағыттағы туристік-палатка қалашықтары, Қарасай мен Ағынтай батырларының мемориалдық кешеніне экскурсия ұйымдастыру, Ш.Уәлиханов тарихи-этнографиялық мұражайы болып табылады.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастру үшін аудан бюджетінен 340 жеңілдік жолдамасын алуға 6 миллион 905 мың теңге қаралды. 3717 баланы қамтыған, 1-7 сынып оқушылары үшін мектеп алды сауықтыру лагерьлері жұмыс істеді. 1459 бала (28,6%) ақылы негізде балалар сауықтыру лагерьлерінде демалды.
Салауатты өмір салтына ұмтылуға тәрбие, республикамыздың алға бағытталған жетістіктің бөлігі физикалық жетілу. Сондықтан тәні сау тұлға, ең алдымен оқушылардың сау рухын қалыптастыруда дене шынықтыру мұғалімдері маңызды рөл атқарады. Аудан мектептерінде жыл сайын спорттық жарыстап, денсаулық Фестивалі, республикалық акциялар, жеңіл атлетикалық жүгіру сайыстары өткізіледі.
Аудан мектептерінің оқушылары – аудандық және облыстық жарыстардың белсенді қатысушылары мен жеңімпаздары. Аудан командасы – «Құлагер» және «Жастар» облыстық спартакиадасының, жеңіл атлетика бойынша облыстық жарыстың, жеңіл атлетикалық көпсайыстың, спорттық бағдарлаудың жүлдегері. Ауданның 17 оқушысы жеңіл атлетикадан Республикалық оқушылар спартакиадасының чемпионы және жүлдегері атанды: Алена Максимова, Анастасия Жирова, Кристина Морозова, Оксана Бычкова, Анастасия Тыщенко, Денис Агишев (№1 Саумалкөл ОМ); дартстан: Алмат Төреқұлов, Вероника Храмцова, Айтжан Асемгуль (Комаровка ОМ); армрестлингтер: Диана Усманова (Гусаковка ОМ); әйелдер күресінен: Виктория Черникова, Айжан Букуева (№2 Саумалкөл МГ).
Соңғы жылдары білімге бөлінген бюджеттік қаражаттың арту үрдісі қалыптасты. 2016 жылы білім саласына бекітілген бюджет 3 миллиард 362 миллион 767 мың теңге, сонымен қоса республикалық бюджеттен – 1 миллиард 136 миллион 162 мың теңге.
«Родничок» балабақшасының күрделі жөндеу жұмысына, Саумалкөл қазақ ОМ жанындағы интернат ғимараты шатырының жөндеу жұмысына 92 миллион 944 мың теңге бөлінді.
«Жарқын СК» ЖШС басшысы Азамат Мерекеұлы Елмағанбетовке, «Всеволодовка-Север» ЖШС Владимир Михайлович Коваленко, «Златогорка» ЖШС Хамит Низамбекұлы Шоматов, «Достық Дән» ЖШС Райнгольд Райнгольдович Юстус, «Агро» АИК Александр Ефимович Абакумов, «Янко» ШҚ Николай Геннадьевич Запорощенко, «Максим» ШҚ Василий Николаевич Мелешенко, «Евгений» ЩҚ Виктор Владимирович Ластовицкийге Бірлестік, Дауқара, Аксеновка, Златогорка, Сырымбет орта мектебі және Всеволодовка негізгі мектебі ғимаратынан қазандықтарды шығаруға көрсеткен демеушілік көмектері үшін алғыс сөздерімді білдіремін.
Мектептердің оқу және материалды-техникалық кешендерін күшейту бойынша жұмыстар жалғасуда: 18 білім ордаларында 6 миллион 221 мың теңге сомасына компьютерлік техника паркі жаңартылды. Ауданның екі мектебіне (Саумалкөл қазақ ОМ мен №2 Саумалкөл МГ) 2 миллион 275 мың 198 теңге сомасына робот алынды. 33 миллион 957 мың 350 теңге сомасына 1 және 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік жиынтықтар алынды. 21 миллион 151 мың теңге жалпыға міндетті оқу желісі бойынша салынды.