Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

«Мен өз елімнің патриотымын» 

Мақсаты: оқушыларды төзімділікке, қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

-       ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту;

-       әр түрлі ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу;

-       оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру.

Сынып жетекшісі:

   Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқына тәуелсіздік пен еркіндік үшін күресуге тура келді. Қауіп төнген кездерде біріге, жұмыла білу, басқа халықтармен бейбітшілікте, келісім мен достықта өмір сүруге ұмтылу сияқты жақсы қасиеттерінің арқасында қазақ халқы тарих толқындарында жоғалып кетпей, ондаған жылдардан соң өзінің мемлекеттігін қайта құра алды.

   Дамудың жаңа жолына түскен Қазақстан халықтың ғасырлар бойғы егемендік туралы армандарын орындай алды. Қазақстанды мекендеген әрбір халықтың өз мәдениетін, тілін, сенімін, дінін және дәстүрлерін дамытуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда республиканың әрбір азаматы өз елінің тәуелсіздігімен мақтанады.

   Қазақстанда 17 миллионнан аса адам, жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір жанұядай өмір сүріп жатыр. Қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер шығарылуда, ұлттық театрлар мен эстрадалық ансамбльдер жұмыс жасауда, ұлттық теле-радио бағдарламалар берілуде. Біздің барлығымызды, әр түрлі ұлт өкілдерін ортақ біріктіретін:  БІЗ – Қазақстан халқы. Осылайша, Қазақстан мәдениеті мен діндерінің қөптүрлілігімен ерекшеленетін бірегей мемлекет.

   1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жылы да жарық, көңілді мамыр мерекелерін ұнатпайтын адам жоқ шығар. Жапырақ жайып, көгеріп келе жатқан ағаштар, ашық аспан, күлкі мен жымиюлар жыл бойы ұмытылмастай көңіл-күй сыйлайды. Қазақстан халықтарының бірлігі күні егемен республикамыздағы басты мерекелердің бірі болды.

Тақтада «Біздің күшіміз – бірлікте» деген плакат ілулі тұрады.

–Бұл үндеуді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар жауаптары)

–Жарайсыңдар! Басқа республикалар мен елдерде келіспеушіліктер мен тартыстар болып жатқан заманда осы сөздердің мағынасын түсінгендерің қандай жақсы! Бұл Бейбітшілік болмағанда өте қорқынышты.

Сынып жетекшісі:

– «Құстың күші – қанатында, ал адамның күші - достықта» деген қазақ мақалы бар. Өмір осы мақалдың тура айтылғандығын дәлелдеп отыр.

– «Достық» сөзін қалай түсінесіңдер?

–Сөйлемді жалғастырыңдар: «Достық – бұл ......». (Оқушылар жауаптары)

«Мақалдар сайысы»

Туған ел, жер, отан, ер туралы мақалдар айту.

Сынып жетекшісі:


   Отансүйгіштік дегеніміз – қоғамның бірігуінің, үйлесуінің, алуан түрлі адамзат қауымдастығында оның болмысы мен ерекшелігінің негізі болып табылатын аса маңызды рухани құндылық. Бұл ұғымды тар аяда, бір жақты қарастыруға болмайды. Ол күрделі, көп жақты және әртекті. Отаншылдық – бұл әрі өз еліне деген сүйіспеншілік, әрі оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әрі өз күші мен қоғамның күшіне деген сенім. Өткен жылдарда еліміз мемлкет болып қалыптасу, тәуелсіздік пен бірлікті нығайту жолында көптеген жетістіктерге жетті. Өзінің орта ғасырлық және қазіргі заманғы тарихында Қазақстанның беделі соңғы жылдардағыдай ешқашан жоғары болған емес.

   Қазіргі таңдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылық қазақстандықтардың өз Отанының гүлденіп, өркендеуіне деген сенімін нығайта түседі. Қазақстан демократиялық, зиялы, құқықтық және басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндігі болып табылатын әлеуметтік мемлекет ретінде өзін танытып, бекітті.
 

   Біз ұлттық-мәдени құндылықтарға, ұлтаралық келісімге, мейірімділікке, балаларға деген махаббатқа бай заманда өмір сүріп жатырмыз. Алда әлі де көп қиындықтар күтіп тұр, алайда бүгінде Қазақстан дамудың жаңа орамына шықты және ертеңгі күнге сенімділікпен қарайды.



Оқушы:

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар,

Өзіңдей ұлан-байтақ далам барында.


Оқушы:

Тәуелсіздік кіндігін

Кескен халық бірлігі.

Ынтымағы барша ұлттың

Нұрын шашқан күн бүгін.


Оқушы:

Ақ, қара деп алдымен,

Елім бөлмес адамды.

Дәстүр, өнер, салтымен

Таңғалдырған ғаламды.


Оқушы:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік – байлық, ырыс – құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса, жаса, тыныштық.


Оқушы:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

 

 «Мен өз елімнің патриотымын». 5-8-сыныптардағы білім сабағында «Мәңгілік Ел – бұл Жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі Ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстанның жаһандық қатысуы» жетінші құндылығы түсіндіріледі.

     

Сабақтың ұсынылатын кезеңдері(тақырыптық бөлімдері): 

  1. Ұлттық қарулы күштер.
  2. Батырлар және ерліктер.
  3. Экстремизм және терроризм – қазіргі заман мәселелері.
  4. Қазақстан Республикасының бейбіт ішкі және сыртқы саясаты.
  5. Рефлексия.
  6. Сабақты қорытындылау.

Мәңгілік Ел – бұл Тәуелсіздік және  Астана.

Мәңгілік Ел – бұл  Тарих, Мәдениет пен Тіл бірлігі.

Қазақстанның  мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі!

Мәңгілік Ел – бұл тіл мен мәдениет, тарихтағы ортақтық.

Патриоттық акт және оған бекітілген, қазақстандық халықтармен құрылған басты жалпыұлттық құндылықтар, ұлт бірлігінің маңызды факторы.

Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана.

Мәңгілік Ел - бұл Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік пен келісім.

Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият.

Мәңгілік Ел - бұл Инновация жолындағы тұрақты Экономикалық өсім.

Мәңгілік Ел – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Мәңгілік Ел - бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің ортақтығы

Мәңгілік Ел -ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.


  Өскелең ұрпақты іргелі мемлекет құраушы «Мәңгілік Ел» құндылықтарында тәрбиелеу, қазақстандық халықтардың тарихы, мәдениеті, дәстүрінің біртұтастығының мәнін түсінетін, Қазақстанның отансүйгіш-азаматы тұлғасын қалыптастыру мақсатында Білім күніне арналған «Қазақстан – біртұтас ұлт» Республикалық сабағын өткізу ұсынылады.

 

  1. Ұлттық қарулы күштер

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылғы 7-мамырда ұлттық қарулы күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды.

 «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7-қаңтардағы заңына сәйкес, қарулы күштерге ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымындағы барлық құрамалар мен мекемелер жатады.

  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқарма органдарының құрамына:

  әскери басқарма органдары;

  қарулы Күштердің түрлері:

  құрлықтағы әскерлер;

  әуе қорғаныс күштері;

  әскери-теңіз күштері;

  әскер түрлері:

  аэромобиль әскерлері;

  арнайы әскерлер;

әскери-оқу орындары;

әскери-ғылыми мекемелер;

басқа да ұйымдар кіреді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына жұмылдыруды жариялауда:

ҚР ІІМ-нің Ұлттық гвардиясы;

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғаныс басқармасының органдары;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі;

арнайы құрамалар енгізіледі.

   Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің құрамына 14 облыс және Астана мен Алматы қалаларындағы запастағылардан қажет болған жағдайда құрылатын бригаданы көрсететін жергілікті әскерлерді енгізу де қарастырылуда. Осы ереже 2016 жылғы 30-майдағы заң жобасына ұсыныс ретінде енгізілді.

   Қарулы Күштердің жеке құрамы:

келісімшарт негізінде әскери қызметке өз еркімен түскен әскери қызметкерлер;

жалпы әскери міндеткерлік негізінде шақырылған әскери қызметкерлер;

   Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы негізіндегі азаматтық тұлғалар негізінде алынатын әскери қызметкерлер мен азаматтық тұлғалардан тұрады.

   ҚР ҚК Бас Қолбасшысы әскери ұйымдардың құрылысы, дайындығы мен қолданылуын, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жалпы басшылықты жүзеге асыратын ел президенті болып табылады.

   ҚР Парламенті әскери қауіпсіздік және мемлекет қорғанысы мәселелері бойынша заңдарды қабылдайды, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешеді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша халықаралық міндеткерліктерді орындау үшін Қарулы Күштерді қолдану туралы шешім қабылдайды, қорғаныс пен әскери серіктестік мәселелері бойынша халықаралық келісімшарттарды бекітеді және күші жойылған деп жариялайды.

  1. Батырлар мен ерліктер

 

Интернационалист – жауынгерлер

 

  Интернационалист - жауынгерлер, - олар 1979-1989 жылдары Ауғаныстан Демократиялық Республикасында соғысқа қатысқандар. Антын, парызы мен әскери бауырмалдығын өзгертпей, ауған халқына батырлық, айбындылық, ерлік пен жолдастық өзара көмек көрсеткен солдаттар, офицерлер және генералдар. Осы соғысқа 22 269 қазақстандық қатысты, оның 924 қайтыс болған, 1015 мүгедек болды және 21 адам із-түссіз жоғалып кетті.

  Жауынгерлік еңбегі мен ерлігі үшін ондаған мың қазақстандықтар ордендермен және медальдармен награтталды. Ауғаныстанда өздерінің интернационалдық парызын атқарған әскерлердің көпшілігі бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында қызмет етеді.  Олар генералдар Бақытжан Ертаев және Сәкен Жасұзақов, полковниктер Юрий Кравцов және Александр Алексеев және тағы басқалар. Ауғаныстанда соғысқан офицерлердің және солдаттардың бір бөлігі ҚР ҚҚ запаста.

  Бүгінгі күні Астана қаласы бойынша Ауған соғысының ардагерлері 1200 адамды құрайды. Астана қаласының «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігі 2000 жылы 6-мамырда құрылды.

 

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов

 

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов –ұшқыш-шабуылшы, екі мәрте Кеңес Одағының батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры, 1922 жылы 5-тамызда Қаз КСР Ақмола облысының Майбалық ауылында туылған. Ұлты қазақ.

1940 жылы Саратов әскери ұшқыштар мектебіне түскен, содан кейін Орынбор әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне ауыстырылып, оны 1942 жылы бітіреді.

1943 жылдың қаңтарынан Ұлы Отан соғысының майданында жаумен шайқасады. Сол жылы КОКП/БКП(б) қатарына кіреді. Ил-2 ұшағымен соғысқа қатысады. Кеңес Одағының батыры С.П.Плшивальниковтің эскадрильясында ұшқан. Кейіннен оның орынбасары болды.

1944 жылғы 26 қазанда гвардия аға лейтенанты Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке Знаменка, Кировоград қалаларын азат етуде көрсеткен ерлігі мен әскери шеберлігі үшін, әуе соғысында 4 жау ұшағының көзін жойғаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1945 жылғы 24 маусымдағы Жеңіс Парадына қатысушы.

Екінші «Алтын Жұлдыз» медалі гвардия капитаны Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке 1945жылғы 27-маусымда Краков, Оппельн (қазіргі Ополе), Катовице, Бреслау (қазіргі Вроцлав) және Берлин қалалары үшін жаудың әскері мен техникасын шабуылдаудағы эскадрильядағы шебер басшылығы мен әскери ерлігі үшін берілді.

Соғыстың екі жылында Т.Ж.Бигелдинов жаудың жердегі әскерін шабуылдауда 305 әскери ұшу амалын жасады, әуе соғысында 7 самолеттің көзін жойды. Өзі де соққы алды.

Соғыстан кейін 1950 жылы Әскери-әуе академиясын бітірді және 1956 жылға дейін КСРО Әскери-Әуе Күштерінде қызметін жалғастырды.  1957-1970 жылдары азаматтық авиацияда жұмыс атқарды. 1968 жылы Т.Ж.Бигелдинов Москва инженер-құрылыс институтын бітірді, кейіннен Қазақ ССР Мемқұрылыс жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

И.С.Полбин атындағы Орынбор жоғары әскери-авиациялық ұшқыштар училищесінің құрметті курсанты.

Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек) Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке қола мүсін орнатылған.

Ақтөбе қаласында Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов атымен аталады. Қарағанды қаласында Республикалық Әскери мектеп-интернат Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов есімін иеленеді. Т. Бигелдинов 2014жылғы 10 қарашада өмірден өтті.

 

  1. Экстремизм және терроризм – қазіргі заман мәселелері

 

  Бүгінгі күні Қазақстан – осы жылы тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтетін, өркендеуші ел. Елдің экономикалық табыстары бүкіл әлеммен танылған.

  Республика қойылған мақсатқа: әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруге сенімді және тұрақты қадам басуда. Қазақстан Еуразияның саяси орталықтарының бірі болып, халықаралық аренада маңызды рөл атқаратын болды. Бұл факті осы аймақтарға ықпал етуге үміткер елдерді алаңдатпауының мүмкін еместігі түсінікті. Мемлекетті әлсіретудің көптеген негізі бар. Бірінші кезекте - жаппай сана-сезімге әсер ету. Біршама уақыт бұрын біздің сөз қорымызға «терроризм» және «экстремизм» сияқты қауіпті сөз мықтап енді.

  Адамзат үнемі соғысуда. Соңғы бес мың жылда бірнеше миллиард адам қайтыс болған 15 000 ірі және ұсақ соғыстар тіркелген. 70 жыл бұрын Ұлы отан соғысының ұрыстары басылды. Фашистерді жеңгеннен кейін біздің әкелеріміз бен аталарымыз ғаламшарда енді соғыс болмайды, жаппай бауырластықтың керемет уақыты туады деп армандады және шексіз сенді. Жеңіске қол жетті, бірақ жалпыға бірдей әлем болмады.

  Діни, территориялық және ұлттық таластарға байланысты жергілікті соғыстар, әскери қақтығыстар жалғасуда. Біздің бейбіт өмірге терроризм сияқты  қатерлі құбылыс табандылықпен енуде. Терроризм - бұл да соғыс. Және одан ешкім де сақтандырылмаған. Соның ішінде біз де. Радикалды топтар күннен күнге белсенді бола түсуде. Біздің Республиканың этникааралық келісіміне қауіп төндіретін және ұлттық алауыздықты насихаттайтын барлық экстремистік ұйымдарға әлемдік конфессияның ресми өкіметі және діни көшбасшылар ашық соғыс жариялады.

  Экстремизм (француз тілінен Extremismt- соңғы) – бұл соңғы көзқарастар мен әлемге шынайы берілгендік. Қабылданған әрекеттердің қоғамдық нормаларына қайшы келетін, демократиялық емес соңғы шаралар болып саналады. Экстремистер өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қалыптасқан мемлекеттік және қоғамдық институттарды өзгертуге немесе жоюға, олардың барларына зиян келтіруге ұмтыла отырып, қарсы шығады. Ол үшін ашық ұрандар, ұйымдастырылған тәртіпсіздіктер, баскөтерулер, азаматтық бойұсынбау, партизандық соғыс әдістері, сонымен қатар террористік актілер және т.б. қолданылады. Экстремистер, әдеттегідей, қандай да бір мәмілелер, келіссөздер, келісімдердің мүмкіндігін жоққа шығарады. Осы жағдайда терроризм экстремизм түрлерінің бірі болып табылады, бірақ одан да қауіптірек екені сөзсіз.

   Экстремизм, терроризм жаңа феномен болып табыла ма? Жоқ. Б.з.д. І-ғасырда Палестинада сикарии (сика- қанжар)- ұйымдасқан сектасы әрекет етті.

Олар жаулап алушылырға көмек танытқан күдіктілерді, римдіктер мен отандастарын жоя отырып, Рим үстемдігімен күресті. Индияда VII ғасырда «Тұншықтырғыштар» секциясының мүшелері адамдарды тұншықтырып өлтіру арқылы құрбандық жораларын жасады. Қиыр шығыста ХІ ғасырда саяси қарсыластарды өлтіруші исламистердің шииттік сектасы «Ассасина» атауын алды. Экстремистер көзқарасы күштеп таңылған немесе сенімсіздікте, дінді құрметтемеуді айыптау қаупі, және сол сияқты физикалық террордан да жаман моральдік террор жағдайында  мәселенің қауіптілігі өрістейді.

         Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

-         Терроризм және экстремизм туралы біз не білеміз?

-         Біз осы мәселе туралы айтуға тиістіміз бе?

 

  1. Қазақстан Республикасының бейбіт ішкі және сыртқы саясаты

 

   Жас, тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін елдің ұлттық мүддесін жоғары қоя отырып, қоршаған халықаралық жүйелердің сын-тегеуріндерін өз уақтында ұстап қалып және оларға лайықты жауап бере отырып сыртқы саясат жүргізу ерекше маңызды.

  Өткен жылдары республика халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, бастамасы әрқашан халықаралық қолдауға ие болатын және тәжірибеде жүзеге асатын, барлық көршілерімен тұрақты айтарлықтай қарым-қатынас орнатты. Байыпты және сенімді серіктес ретінде республиканың халықаралық беделі қалыптасты. 

  Қазақстанның сыртқы саясаты саласында Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен, Орталық Азия елдерімен және мұсылман әлемімен тығыз байланыс дамуда. Бүгінгі күні Орталық Азияда, әлемдік қауымдастықта Қазақстанның ұлттық мүддесіне және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мемлекет жоқ. Күрделі аймақтық және ғаламдық процестерге қарамастан, біздің республика өз көршілерімен және алдыңғы қатарлы әлемдік державалармен тығыз серіктестік қатынас орнатуда. Қазақстан негізгі халықаралық келісімге қосылды, өзінің халықаралық терроризмге қарсы ғаламдық күресті қолдайтынын бірнеше рет көрсетті, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселесі бойынша салмақты және жауапты ұстаным орын алған.


Тапсырма.
Сұрақтарға жауап беру.

-         Қазақстанның сыртқы саясаты саласында қандай мемлекеттермен тығыз байланыс дамуда?

-         Әлемдік аренада Қазақстанның қандай беделі қалыптасты?




 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь