2017 жыдың 1-8 наурыз аралығында Қаратал орта мектебінде 1-наурыз Алғыс айту және 8 наурыз-Халықаралық Әйелдер күніне арналған іс шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар өткізілді. Осы іс шаралар аясында барлық педагогтар мен мектеп оқушылары жұмылдырылды. 1-наурыз Алғыс айту күніне орай қарт зейнеткер әженің үйінің маңын қардан тазалау жұмыстарына 9,10-cынып оқушлары қатысты. Барлық сыныптарда «Дүние аналармен көрікті ғой...» атты сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар мен мұғалімдер белсенді қатыты. Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты кинофильмін көру (ген. продюссері Әлия Назарбаева) жұмысын 10-сынып оқушылары жүзеге асырды. Ғаламтор желісінен фильмнің түсірілу ерекшелігін, жалпы идеясы мен тақырыбын басқа сыныптарға таныстырп өтті. Басты рөлді сомдайтын жас актер Әділ Ахметовтың да өнер шеберлігі туралы айтылды. «Менің Анам әлемдегі ең керемет Ана» атты шағын орталық пен мектепалды сыныбы тәрбиеленушілері арасында ертеңгілік өтті. Кішкентай бүлдіршіндер өз аналарына даярлаған шағын қолдан жасалған шығармашылық жұмыстарын сыйға тартты. 7 наурыз күні сағат 12. 00- де «Аналық махаббаттың сәулесі» атты мерекелік жалпы қорытынды концерт барлық сыныптардың, мұғалімдердің қатысуымен өтті. Бұл концертте оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер шырқалып, мың бұрала бишілер би биленді. Жалпы қорытынды «Аналық махаббатың сәулесі» атты концерт мұғалімдердің, оқушылардың қатысуымен өтті. Жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін бірқатар әйел мұғалімдер мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау