Ата-аналармен əр тоқсан сайын кездесіп, жасалған жұмыстарға есеп беріп, алдағы уақыттағы жоспарланған іс-шаралармен таныстырып отыру əдетке айналған. Бүгін де кезекті жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Өткен тоқсандағы оқу-тәрбие үрдісіне есеп берумен қатар, ата-аналарды алдағы қорытынды емтихандармен, жазғы демалыстың ұйымдастырылуымен, мектеп формасының талаптарымен таныстырдық. Сондай-ақ Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасымен де таныстырып өттік. Өз кезегінде мектеп инспекторы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайлы айтып, оның алдын алу үшін не істеу керектігіне тоқталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау