«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жаз жайнатып, күн күлдіріп біз лагерьге барамыз" демекші жаз басталысымен үлкендер де, балалалар да жазғы демалысты көңілді де, пайдалы өткізуге тырысып жатады. Біз де өз тарапымыздан балалардың асыға күткен демалыстарының қызықты да, пайдалы өтуіне ат салысып мектеп жанындағы лагерьлерде түрлі іс-шаралар, бір күндік саяхаттар, тілдік мектептер ұйымдастырдық. Алайда шынайы лагерьде өткен демалысқа не жетсін. Мектебімізден ауданымыздағы "Сокол" балаларды сауықтыру лагерінде 17 оқушы тегін демалса, Петропавл қаласындағы "Солнечный" санаторийінде 2 оқушымыз демалды. Алдағы уақытта да бірнеше оқушымыз лагерьлерде дамалуды жоспарлап отыр.