Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

ЭКСПО-2017

Еліміздің бас қаласы Астана қаласында 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі өтіп жатыр. Осынау тарихымызда ойып орын алатын тамаша сәтті 30 маусым күні мектеп ұжымы көзбен көріп қайттық. Осы жолғы елімізде өтіп жатқан халықаралық көрме «Болашақ энергиясы» деген тақырыпта өтуде. Бұл тақырыптың қозғалуы да тегін емес. Осынау жаһандану заманында өзімізде бар ресурстарды сарп етпей, қосалқы энергия көздерін ашу қажет екендігі түсінікті жайт. Қазақстан павильонындағы әр қабатта әртүрлі тақырып қамтылған. Сегіз қабат шыныдан жасалған ғимаратты аралап жүріп, түрлі арнайы әсер беретін қойылымдарды, құрылғыларды көріп таңдай қағып таң қалыстық. Өзге мемлекеттердің павильондарын аралаған сәтте құдды шет мемлекеттерде жүргендей әсер алып, олардың көрмеге қойған заттарын тамашалап, ұстап көретіндерін ұстап көріп, олардың мәдениеттері, салт-дәстүрлеріне, музыкасына тәнті болдық. Әрине бір күнде бар 115 мемлекеттің павильондарын аралап шығу мүмкін емес еді. Алайда біз оннан астам мемлекеттің павильондарын аралап өттік. Қорыта айтар болсам, сол уақытта көрмеде жүргенде бұл-менің елім, менің Астанам деген мақтаныш сезімі бойымызды кернеп, Елордамыздың күннен-күнге құлпырып, жаңарып, жайқалып келе жатқанына қуанып, керемет әсермен үйімізге оралдық.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь