«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жаңа оқу жылы да таяп қалды. Əр жылдың өзіндік ерекшеліктері болып тұрады.Биылғы оқу жылында 1,2,5,7 сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша білім алуды бастайды. Осыған дайындық ретінде жəне əдістемелік көмек ретінде кеше Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде "Бастауыш жəне негізгі білім беру деңгейінің мазмұнын жаңарту-3.0 жаңғыртудың негізгі басымдығы" тақырыбында аймақтық тамыз конференциясы өтті. Осы жылы аталған сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге шеберлік сыныптары, тренингтер өткізілді. Біршама пайдалы материалдар алып, өз қоржынымызды қажетті дүниелермен толықтырып келдік.