«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
9 қараша күні Әлжан орта мектебінде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға Елбасының "Рухани жаңғыру" тақырыбындағы баяндамасы талқыланып, аудандық "Рухани жаңғыру" кестесімен және мектепішлік кестемен таныстырылды. жаңартылған білім бағдарламасы бойынша ата-аналардың түсініктерін кеңейту мақсатында тренингтер жүргізілді. Тренинг барысында ата-аналар өздері жұмыс істеу арқылы жаңартылған білім бағдарламасы негізінде жұмыс істеудің тиімділігі туралы түсінді.