«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Біз бақытты отбасымыз" атты коллаж қорғау іс- шарасына барлық мектеп оқушылары қатысты. Онда оқушылар өз отбастары туралы коллаж жасап соны қорғады. Қорғау барысында 7-сынып оқушылары отбасы туралы өлең жолдарын, мақал-мәтелдер даярлап келіп оқыса, 8-сынып оқушылар мен 9-сынып оқушылары сахналық көрініс көрсетті. Ең төменгі 1-сынып оқушылары да өз отбасылары туралы жақсы әңгімелеп бере алды.