Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

Отбасы рухани азығы

  Әлжан орта мектебінде «Отбасының рухани негізі» тақырыбындағы іс шаралар аясында «Менің отбасым» тақырыбында  коллаж қорғау сайысы өтті. Конкурс барысында әр сынып өз отбасы туралы коллаж жасап, өздерінің отбасы туралы әңгімелей отыра отбасындағы қалыптасқан дәстүрлер туралы айтып өтті.

        5-8-сынып ата-аналарымен «Отбасы-алтын діңгек» тақырыбында  ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар өз ойларымен бөлісе отыра балаларына деген жақсы тілектерін жазды.

           Шағын орталықта  тәрбиеленушілер мен ата-аналары қатысқан «Менің үйім, менің отбасым» атты сынып сағаты өтті. Онда  ата-аналар тәрбиеленушілердің шағын орталықта болған уақытта немен айналысатынымен танысып, балаларының ортаға үйренгенін көре алды.

       7-9-сынып оқушылары арасында Тлеужанова А.К. мен Алькеева А.Т. ұйымдастыруымен «Мен және ата-ана» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар сауалнамаға жауап бері, ортаға тасталынған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөлісті.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь