«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Айыртау ауданы бойынша барлық ауылдық мектептерде 15- наурыз бен 20 наурыз аралығында Наурыз мерекесін ұлықтауға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп,сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.Іс-шараларға ата-аналар, мұғалімдер,оқушылар белсенділік танытты.15 наурызда «Ұлыстың ұлы күні» бірыңғай сынып сағаттары, « Тәуелсіздікпен жаңғырған Әз-Наурыз» атты фестиваль өткізілді. Сынып сағаттарында оқушылар Наурыз туралы,қазақтың салт-дәстүрлері,ұлттық ойындар туралы көрініс көрсетіп,өлең жырмен шашу шашты.Ата-аналар жеті түрлі тағамнан Наурыз-көже дайындады.Ауыл үлкендері оқушыларға бата –тілектерін арнады.Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Аталмыш мерекелік іс-шаралар халқымыздың салт-дәстүрін паш ету арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық қасиеттерді сіңіру, оларды саналы,өнегелі,өнерлі азамат етіп тәрбиелеуге негізделді.