«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектебімізде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға қонақтармен бірге қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен ата-аналар комитеті қатысты. Салтанатты жиында сөз алған мектеп түлектері ерекше толғаныспен жүрекжарды алғыстарын білдірсе ата-аналар оларға ақ тілеулерін арнады. Ардагер ұстаздар мен түлектердің алғашқы ұстаздары ерекше сәттерімен бөлісті. Жас түлектерді 1 сынып оқушылары мектеп бітіру салтанатымен құттықтап өлеңдер оқыды. Соңында мектеп вальсі орындалды.