1 маусым күні оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанында «Достық» атты жазғы сауықтыру лагері ашылды. Лагерьге 1сыныптан – 4сыныпқа дейін оқушылар қабылданады. Әр сыныптан құралған топ болғандықтан, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты 1-15 маусым аралығында мәдени, 17-30 маусым аралығында өлкетану бағыттары бойынша жоспар құрылып бекітілді. Жазғы сауықтыру лагерінің жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Сердалина М. А. тағайындалды. Жалпы екі ауысымға бастауыш сынып оқушылары толық қамтылды, яғни 28 бала.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау