«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1-маусым балаларды қорғау күніне арналған мектеп жанындағы лагердің жетекшісі Сердалина М.А. мен музыкалық жетекшісі Жанысова Т.Қ., орыс тілі пәнінің мұғалімі Усина М.Ш. «Бала деген бір бақыт» атты ертеңгілік өткізді. Ертеңгілік екі тілде өтті. Мектеп директоры Нұрпейісов А. Н. балаларды мерекесімен сонымен қатар мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ашылуымен құттықтап шықты. Ертеңгілік барысында балалар ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, көңілдерін көтерді және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сердалина А.С. мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мажикеева Қ.А. өз тарапынан балаларға мерекелік дастархан жайды. Мерекеге 20 бала қатысты.