«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
10 қазанда «Гусаковская орта мектебі» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымында Қазақстан Кәсіподақтар күнінің алғашқы мерекесіне арналған жиналыс өтті. Төраға Толмачева Рита Иосифовна барлық ұжым мүшелерін мерекемен құттықтады. Мерекелік жағдайда бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелеріне кәсіподақ билеттері табысталды. Мереке аясында «Анам, әкем, мен - спорттық отбасы» атты спорттық шара өтті