Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы

Мектебімізде 25 қазан күні  қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау , отбасын, ата-анасын , жақындарын жете бағалауға үйрету,   халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға тәрбиелеу мақсатында «Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы »  тақырыбымен оқушылар және олардың ата-аналарының қатысуымен түрлі формаларда іс-шаралар өткізілді.

  1-4 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер «Отбасы-бар байлықтың бастауы» атты көрсетіліммен жұмыстар жүргізіп, отбасылық мерекелер, дәстүрлер туралы айтып, жас бүлдіршіндер өз ойларын ашық жеткізді.  

  5-8 сынып оқушылары «Отбасындағы бос уақытты өткізу дәстүрі» тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Менің отбасымның тарихы» атты отбасылық кездесу өткізсе, 9-11 сыныптарда « Отбасының рухани құндылықтары » атты тәрбие сағаты өтті. 2 топқа бөлінген оқушылардың бір тобы отбасылық мерекелер мен дәстүрлер туралы ой қозғаса, екінші топ «Менің шежірем» атты әңгіме өрбітті.

   6 сынып оқушылары таңдаған тақырыптары бойынша жобалар даярлап, қорғады.

   Нәтижесінде балалар отбасының ең құнды , басты тәрбие бастауы екендігін, елдің гүлденуіне үлес қосар парасатты адамзат негізі  отбасында қаланып, мектептен жалғасын табатынын ұғынды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь