Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, білім беру, зияткерлік бастамаларын жетілдіру; математика, физика, ағылшын тілі және әдебиет сияқты пәндерді оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыру мақсатында 12 қараша күні Саумалкөл қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушылары «IQanat» республикалық олимпиадасына қатысты. 2018-2019 оқу жылында «IQanat» республикалық олимпиадасының жеңімпазы , 2020-2021 оқу жылында "Бурабай" қаласында ашылатын "Дарын" мектебіне жолдама алған 10-сынып оқушысы, Абдуллаев Кенжебек Айыртау ауданы мектеп оқушыларына олимпиаданы жақсы тапсырып, жетістікке жетуге сәттілік тіледі!.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау