БҰҰ бала құқығы туралы конвенцияның қабылданғанына 30 жыл,ҚР ратификациялануына 25 жыл толуына орай Бірлестік орта мектебінде Дүниежүзілік балалар күніне байланысты ата-аналар жиналысы өткізіліп,әлеуметтік педагог бала тәрбиесі баланың құқығы және оны қорғауға негізделген Конвенция жайында түсініктеме жүргізді.1-11 сыныптарда «Отбасы-тәрбие басы,Мектеп- тәрбие жаршысы» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді. «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбына қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 5-9 сынып оқушыларына эссе жаздырды.Мектебіміздің психологы Қасымов А.С. 9-10-11 сыныптарға «Мен және менің құқығым» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
10-11 сыныптарда қоғам және құқық пәні мұғалімі құқықтық тақырыпта әңгіме өткізді.Декада мектебімізде қортынды салтанатты линейкамен,соңы мектебіміздің көркем өнерпаздар тобының уйымдастыруымен мерекелік концертке ұласты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау