Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

«Тәуелсіздік таңы атты!»

   «Сулыкөл бастауыш мектебі» КММ-дегі бастауыш сыныптар мен шағын орталық топтарында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік таңы атты!» айдарымен мерекелік сынып сағаттары өтті.

Мақсаты:Оқушыларды Отанды сүюге,ҚР-ның рәміздерін қастерлеуге,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға баулу.Халқымыздың салт-дәстүрін,өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 Сынып сағаты ҚР-ның гимнімен басталды.Оқушылар тәуелсіздік күніне арналған тақпақтар айтты.1986 жылы 16 желтоқсанда тоталитарлық режимге қарсылық көрсеткен,құрбан болған қазақтың ұл-қыздарының рухына тағзым ету.(1 минуттық үнсіздік). Тәуелсіздік үшін күрескен батырлар жайлы айтып өтті.Ұлдар «Қара жорға» биін,қыздар «Қамажай» биін биледі. Оқушылар шеңбер құрып,бір шаңырақ астында Қазақстан елі қандай жетістіктерге қол жеткізгендігін айтты.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын!

Шағын орталық тобында балалар ұлттық киім киіп,гимн орындады.Мемлекеттік тудың бейнесін құрастырды,қию,жапсыру,жұмыстарын жүргізу арқылы балалар ҚР-ның туының бейнесін жасап тақырыпқа сай тақпақтар айтты.Өз Отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген,дамыған елдердің қатарына қосу үшін еңбектенейік.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь