Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

Бүгін сәуір айының 13-і күні мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларына арналған жиын болды.

Бүгін сәуір айының 13-і күні мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларына арналған жиын болды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары Е. А. Алгожин ата-аналар комитетінің төрайымы З. Е. Тургунбаева, Қамқорлық кеңесінің төрағасы Б. К. Қожақов, Айыртау аудандық ІІБ кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі инспекторы, полиция майоры Е. Б. Жунусов, мектептің әлеуметтік педагогі Ж. З. Тақауова, сынып жетекшілері қатысқан жиында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы "03" наурыздағы №61 бұйрығымен таныстырып, қосымшасында көрсетілген мәліметтерді түсіндірді. МЕА тәртібі, профилактикалық кеңес, оның құрамы, қатысуға мүдделі мамандар мен профилактикалық жұмыстың мерзімі туралы айтылды.
Полиция майоры Е. Б. Жунусов жасөспірімдерге тәртіптері мен түнгі уақытта бейсауыт жүрмеулерін, тыйым салынған есірткі заттары мен алкогольдік заттардан аулақ болуларын, жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, өрт қауіпсіздігі мен басқа да сақтық ережелерін естен шығармауларын сұрады.
Жиын соңында ата-аналар мен оқушыларға арнайы жадынама таратылды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь