19 сәуір күні әскери-патриоттық жоспарға сәйкес «Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де «Патриот» әскери-патриоттық айлығына арналған салтанатты линейка болып өтті.
Мақсаты: Қазақстандық патриотизм, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, тұлғаның азаматтық қалыптасуына ықпал ету.
Айлық жоспар құрылып, жарияланды. Іс-шаралар жоспары келесі міндеттерді шешуді көздейді: Қазақстан патриоты азаматының эмоционалдық және ерікті қасиеттерін қалыптастыру; жасөспірімдер мен жас жігіттердің дене дайындығының деңгейін арттыру, рухани және дене дамуы үшін жағдай жасау; әскери, тарихи және мәдени мұраларды сақтауға және көбейтуге ұмтылуға тәрбиелеу.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау