«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20.04.2023 жылы “Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені” КММ-де “Патриот” айлығының жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серикова Н.К. “Ұлы жылдарға тағзым етеміз” атты шығармалар байқауын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаттары: оқушылардың Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін кеңейту; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерліктерімен таныстыру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімдерді: аға ұрпақты құрметтеуге, өз халқына, туған жерге деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің маңызын түсінуге тәрбиелеу болды. Байқауға 6-11 сынып оқушылары белсене қатысты. I орын - 10 сынып оқушысы Саусанов Ринатқа, II орын - 8 сынып оқушысы Тыртычная Еленаға, ІІІ орын - 11 сынып оқушысы Данильченко Никитаға тиесілі болды. Оқушылар өздерінің бейбіт елде өмір сүріп жатқандары ардагерлердің арқасы екенін атап өтіп, берілген тақырыпты шеберлікпен аша білді.