Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

2023 жылдың 28-ші сәуірі күні "Кирилловка орта мектебі" КММ базасы аясында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» және «Саусақ ойындары мен жаттығулары мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және ұсақ моторикасын дамыту құралы ретінде» тақырыптарында мектепке дейінгі оқыту және бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
2023 жылдың 28-ші сәуірі күні "Кирилловка орта мектебі" КММ базасы аясында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» және «Саусақ ойындары мен жаттығулары мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және ұсақ моторикасын дамыту құралы ретінде» тақырыптарында мектепке дейінгі оқыту және бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинарға Айыртау ауданы білім бөлімі әдіскері Гүлнар Серікжанқызы Мырзахметова және Каменноброд орта мектебі, Казанка орта мектебі, Кутузовка негізгі мектебінің бастауыш сынып ұстаздары мен тәрбиешілері қатысты . Семинар мектеп директорының міндетін атқарушы А.Е. Бубинееваның алғы сөзімен басталды. Одан кейін бағдарлама бойынша мектеп психологы М.К.Капаров «Біз сізбен ұқсаймыз» атты тренинг ұйымдастырды. Кирилловка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері М.С. Акентаева математика пәнінен, Г.Ш.Акишева математика пәнінен, С.Ж. Сагинаева ағылшын тілінен және тәрбиешілер М.К.Кулик, М.К. Шайзатова, А.К. Каламова мен Батархан Айнагуль ашық сабақтар өткізді. «Ойын ойнау үшін балалардың деңгейінде болу қажет» тақырыбында тәрбиешілерге арналған дөңгелең үстел болды. Бастауыш сынып мұғалімдері Р.К. Исабекова, М.А. Замотаева, А.Т. және Хазтай Еркежан «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру» атты коучинг өткізді. Одан кейін қонақтар оқушылардың дайындаған концерттік бағдармасын тамашалады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь