Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

Мамыр айының 12-сі күні білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған аудандық: «Жас ұстаз келер ұрпақтың сәулеткері» тақырыбында слет өтті.

Мамыр айының 12-сі күні білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған аудандық: «Жас ұстаз келер ұрпақтың сәулеткері» тақырыбында слет өтті.
Жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілген слетқа мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сая Алкенқызы Кажикенова, мектеп психологі Әсемгүл Мұратқызы Азбергенова және жас мамандар Елубай Рахат Қайратұлы мен Аружан Мирасқызы Темиртасова қатысты.
Сая Алкенқызы: "Кәсіби жетілген ұстаз – табысты ұстаз" деген тақырыбында жас мамандарға бағыт, бағдар көрсетті. Бүгінгі таңда ұстаз – рухани бай, заман ағымына сай білім игерген, ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман. Кәсібилік – еңбек адамын сипаттайды, өз мамандығын меңгеру деңгейін көрсетеді. Нәтижеге жетуге бағытталған белсенділік талмай еңбек еткенде ғана келетінін түсіндірді.
Әсемгүл Мұратқызы жас мамандармен тренинг өткізіп, қиындықтан шығар жолдардың түрлерін көрсетті.
Слет соңында жас мамандарға ізгі тілектер айтылып, шеберліктерімен бөлісіп, жол көрсеткен ұстаздарға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь