Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

«Мұғалімдердің ынтымақтастықтарының негізінде сабақтарды зерттеп, кәсіби шеберліктерін арттыру»

2023 жылғы 11 мамырда №2 Саумалкөл мектеп-гимназияның базасында өткен
«Кәсіби желі жағдайында педагогтің зерттеу мәдениетін жандандыру» атты аудандық іс-шара алаңы шеңберінде «Мұғалімдердің ынтымақтастықтарының негізінде сабақтарды зерттеп, кәсіби шеберліктерін арттыру» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда қатысушылар Lesson Study педагогикалық тәсілін талқылады. Ауданның 45 білім беру ұйымынан 60-тан астам педагог қатысты, магниттік мектептердің директорлары мен мұғалімдері.
Семинар екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар байқау сабақтарын көре алды, ал, екінші бөлімде фокус-топтар практикалық мәселелерді қолдана отырып, өз тәжірибелерімен, жетістіктерімен бөлісті. Жұмыс төрт алаңда ұйымдастырылды. Жұмыс алаңдарының модераторлары мектеп-гимназияның фокус-топтарының жетекшілері мен қатысушылары Алимгиреева Л.М., Алибекова Г.Т., Гордеева С.В., Қазыбаева Г.С., Иванова А.А., Искакова А.К., Нұрмухамбетова Г.К., Жакенова А.С. болды.
Іс-шараның қорытындысында педагогтар оқыту практикасында қолдана алатын әдістемелік сүйемелдеулерді ұйымдастырып, мектеп басшыларына ұсынды.
Сейткожина Бяан Кошербаевна, оқу жөніндегі директордың орынбасары.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь