Жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмаған балалар арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесі факторлар мен әрекеттерге ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз:
1. Кәмелетке толмаған балаларды ұзақ уақыт қараусыз қалдырмаңыз, әрқашан қайда жүргенін бақылаңыз.
2. Балаларға жол бойында, құрылыс алаңдарының жанында, қараусыз қалған, қираған үйлерде ойнауға, иесіз қалған көліктерге, жертөлелерге және басқа да ұқсас жерлерге кіруге тыйым салыңыз.
3. Балаларға саябақта, жарықтандырылмаған жерлерде жүру қауіпті екенін түсіндіріңіз.
4. Балаға ересектердің қарауынсыз су қоймаларында шомылуға қатаң тыйым салынады деп ескертіңіз.
5. Балаларды жол ережелерін сақтауға, жолды өтерде бақылауға және бағдарлауға үйретіңіз.
6. Не позволяйте детям ездить на такси или в общественном транспорте без сопровождения, не разрешайте детям «голосовать» на дороге.
7. Балаларға үлкендердің қарауынсыз таксимен немесе қоғамдық көлікпен жүруге жол бермеңіз, балаларға жол бойында көлік тоқтатуға рұқсат бермеңіз.
8. Төтенше жағдайда балаларды телефонды пайдалануға үйретіңіз. Олар көмек сұрап кімге және қайда қоңырау шалу керектігін білуі керек.
9. Балаларды бейтаныс адамдармен сөйлеспеуге, сыйлықтар қабылдамауға үйретіңіз. Бөтен адам – ол білмейтін кез келген ересек адам, тіпті ол баланы немесе оның ата-анасын білемін десе де, деп түсіндіріңіз.
10. Балаларға әртүрлі төтенше жағдайларда (өрт, су тасқыны, электр сымдары, газбен жабдықтау, телефон, пәтерге кіруге тырысу және т.б.) әрекеттерді үйретіңіз.
11. Жас кезінен бастап балаларға темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің зияндылығын түсіндіріңіз. Ешқашан кәмелетке толмағандарға алкогольдік сусындар ұсынбаңыз, темекі шекпеңіз немесе балалардың қатысуымен алкогольді ішпеңіз!
12. Егер бала үйге уақытында келмесе, полицияға хабарласыңыз. Егер бала жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған болса: дереу полицияға, «Жедел жәрдемге» қоңырау шалыңыз және болған оқиғаны жариялаңыз. Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы Сізге белгілі болған барлық жағдайларда, әсіресе жас, кәмелетке толмаған адамға қатысты бұл туралы Құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз.
Есіңізде болсын, сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігі сізге байланысты!