Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

Мамыр айының 24-і күні мектебімізде 2022-2023 оқу жылының қортындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы болды.

Мамыр айының 24-і күні мектебімізде 2022-2023 оқу жылының қортындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы болды. Алғашқы сөзді күн тәртібіне сәйкес 2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаева бастады. Меңдігүл Олжабайқызы ата-аналарға жалпы мектеп бойынша атқарылған жұмыстар және аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерін жеткізді. Директордың оқу-тәрбие ісі жөнінен орынбасары Г. Т. Султангалиева 2022-2023 оқу жылында оқушылардың қатысқан пән олипиадалары мен түрлі сайыстардағы және мәдени-спорттық іс -шаралардағы жетістіктері туралы баяндады. Сонымен қатар Гүлжанат Талғатқызы 2022-2023 оқу жылының аяқталуы мен қорытынды аттестаттаудың тәртібін түсіндірді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. А. Алгожин
мектепішілік есепке алу бойынша түсініктеме ақпарат және әлімжеттіліктің (буллинг) алдын алу жайлы ата-аналарға мәлімдеме жасады, балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын, жаз айларында жазатайым оқиғалардан сақ болулары тапсырылды.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының жұмыс тәртібі туралы әлеуметтік педагог Ж.З. Такауова ата-аналарға толық ақпарат берді.
Жиын соңында мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы мектеп өміріне белсене араласқан ата-аналарға рахмет айтып, Құрмет мадақтамаларымен марапаттады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь