Ағымдағы жылдың 7-9 маусым аралығында Алматы Менеджмент Университетінің ұйымдастыруымен «Балалардың жазғы демалыс кезінде сауығуына және демалысына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбы бойынша педагог-психологтарға, мектеп тәлімгерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинар спикерлері: Сактаганова Тилла (Дильда), психология ғылымдарының кандидаты, гештальт терапевт, «Психология» ОП көшбасшы-бағдарламалары; Куйкенов Казбек, таланттарды басқару және күшті жақтарын дамыту жөніндегі кеңесші. Бизнес-коуч.
Оқыту барысында «Тәлімгерлер мен психологтардың балалардың демалысын қолдаудағы негізгі құзыреттері», «Этика тәлімгер мен психологтың кәсібилігінің негізі ретінде»; «Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың сауығуын және демалысын психологиялық қолдаудың заманауи үрдістері» мәселелері қаралды.
Семинар тыңдаушылары алғашқы минуттардан бастап балалармен жұмыс істеудің ұсынылған ойын әдістерін қолдана отырып, практикалық іс-шараларға кірісті. Әр тыңдаушы балалардың жазғы демалысын әртараптандыруға және қызықты етуге мүмкіндік беретін дидактикалық материалдар алды
Алматы Менеджмент университетінің Педагогикалық шеберлік басқармасының директоры Айжан Арынға мазмұнды семинар ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер